05 Желтоқсан, 2012

Сот процесі жалғасуда

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот процесі жалғасуда

Сәрсенбі, 5 желтоқсан 2012 6:57

Талдықорған қалалық со­тының үйінде әскери қыз­метші В.Челахтың ісі бойынша ашық сот процесі жалға­суда. 4 желтоқсанда сот­та­лушының қорғаушыларының сот процесіне қатыспауына байланысты олардың сотқа келмеу себептерін анықтау мақсатында екі рет үзіліс жарияланды.

Адвокат С.Сәрсеновтің сырқат екенін айғақтайтын құжаттар әзірше сотқа түскен жоқ. В.Челахтың екінші қор­ғаушысы С.Эстияров та өзінің сырқат екенін және әлі айық­пағанын хабарлады. Осыған байланысты сот оны, Эстияров сияқты құпия құжаттарды қарауға рұқсаты бар, Алматы облыстық алқасының адвокаты Жұмағайша Саржановамен ауыстыру туралы шешім қа­былдады.

Сотталушы Челах сот отырыстары залына жеткізілді. Ол адвокат Сәрсеновсіз процеске қатысудан және жауап беруден бас тартты.

Осыдан кейін төрағалық етуші судья Е.Ахметжанов іс бойынша, олардың ішінде тер­геу ұсынған бейнема­териал­дардың шынайылығы туралы сарапшылардың қо­ры­тын­ды­сы да бар, жүргі­зілген сарап­тамалардың нә­тиже­ле­рін хабарлауды жал­ғас­тырды.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметі.