29 Наурыз, 2019

Жамбыл өңірінде 7-20-25 бағдарламасы бойынша 75 отбасы баспаналы болды

738 реткөрсетілді

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының директоры Евгений Шарыгин, «ForteBank» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры  Гүлзат Бекназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлер «7-20-25». Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» Бағдарламасы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 Жиынға қатысушылар Қазақстан Ұлттық Банкі 10 негізгі міндет айқындалған 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге ҚР Үкіметімен бірге қол қою бойынша бастама жасағанын, міндеттердің бірі экономиканы дамытуды қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру болып табылатынын, аталған жоспарларды жүзеге асыру шеңберінде Үкімет және Қазақстан Ұлттық Банкі «Нұрлы жер» және «7-20-25» тұрғын үй бағдарламаларының жұмысын іске асыруды жалғастыратынын атап өтті. Атап айтқанда, Үкімет қолжетімді тұрғын үй ұсынысын ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдайды. Ұлттық Банк өз кезегінде «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыруды жалғастырады.

Осы тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру бюджеттік, сол сияқты жеке қаржыландыру көздерін тарта отырып, халықтың түрлі топтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 «7-20-25». Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық Бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 2019 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша Жамбыл облысының серіктес банктері 1,19 миллиард теңге сомасына 149 өтінім қабылдады. Олардың ішінде 611,4 миллион теңге шамасына 75 өтінім мақұлданды және 536,5 миллион теңге сомасына 64 кредит берілді.  Тараз қаласында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ғимаратының бірінші қабатында «7-20-25» бағдарламасы бойынша ақпараттық орталық ашылғаны және бұл жерде серіктес банктерден бағдарлама шеңберінде тұрғын үй алу бойынша кеңес алуға болатыны белгілі. Сонымен қатар, аталған орталықта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Арай» ықшам ауданында және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 ықшам ауданда тұрғызылған үйлерді өткізуді ұсынатын Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдері бар», дейді Евгений Шарыгин.

Хамит Есаман,

«Egemen Qazagstan»

Жамбыл облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • Кеше

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • Кеше

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мейіргер Шархат

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Робот арқылы операция жасайды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар