Жоба • 30 Қараша, -0001

Алматыда «қарапайым экономикалық заттардың» жобалық кеңсесі іске қосылды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуірдің алғашқы күнінде Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы базасында ашылған «қарапайым экономикалық заттардың» Жобалық кеңсесі ресми түрде ашылады.

Алматыда «қарапайым экономикалық заттардың» жобалық кеңсесі іске қосылды

Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Өңірлік жоба бюросының құрылымында «Даму» АҚ өңірлік филиалы, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банктердің басшылары бар. Өңірлік жобалық кеңсесінің төрағасы болып Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай тағайындалды.

Кеңсе негізінен жеңілдікпені несие беру бағытында жұмыс істейді. «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде тарифті субсидиялау есебінен мерзімі 7 жылды құрайтын, түпкілікті қарыз алушылар үшін номиналды сыйақы ставкасы –8% несие қарастырылған.

Сонымен қатар, бұл жобада «қолмен режимде» бағдарласы бойынша кәсіпкерлерді қажетті қолдаумен қамтамасыз ете отырып, бизнес-жоспарды және қаржыландыруды толық іске асыруды қамтамасыз етеді. Бұл жоба аясында кешенді тәсілімен жаңа өндірістерді құруға, «қайта жүктеуге» және жаңғыртуға мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан үкіметі «қарапайым заттардың» экономикасын қаржыландыру үшін 600 млрд. теңге бөлген болатын. 

Жеңілдікті несиелер азық-түлік, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға беріледі. Бағдарлама бойынша 2025 жылға қарай тауарлардың 365 түрін өндіруді 2,4 есеге көбейтуге, сондай-ақ импорт үлесін 37%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. 

Сонымен 1 сәуір күні Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы базасында өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ашылған жобалық кеңсесінің тұсаукесері өтеді.

 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

 

 АЛМАТЫ