29 Қараша, 2012

Құпия материалдарды тексеруге қатысуда

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құпия материалдарды тексеруге қатысуда

Бейсенбі, 29 қараша 2012 7:35

Талдықорған қалалық соты­ның ғимаратында әскери қыз­метші В.Челахтың ісін қарау бойынша сот мәжілісі жалға­суда. Кеше сотталушы В.Челах сот мәжілісіне жеткізілді. Төрағалық етуші судья Е.Ахметжанов В.Челахқа іс бойынша айғақтама беруді ұсынса, сотталушы процеске қатысу­шы­лар­дың сұрақ­та­рына сот ісі бойынша барлық айғақтарды тексеруді аяқтаған­нан кейін барып қана жауап қайтаратынын мәлімдеді. Бұған қоса, В.Челах құпия құжаттарды тексеруге қатысуға тілек біл­дірсе, артынан кезекті мәрте процеске қатысудан бас тартып, сотталушының камерасына оқ­шау­ланды.

Сот алдында сөз сөйлеген зардап шегуші Т.Кимнің өкілі сотталушы В.Челахқа  мораль­дық зардабы үшін 7 млн. теңге сомасында азаматтық шағым түсірді. Аталған құжат қылмыс­тық іс материалдарына тіркелді.

Бейнежазбаны көргеннен ке­йін судья іс бойынша жүргі­зілген сараптаманың қорытын­ды­сын оқыды, сондай-ақ оқиға болған жерді қараудың хаттамасын  жария етті.

Сағат 17.00-де сот «құпия» белгісі соғылған материалдарды тексеруге кірісті. Құпия мате­риал­дарға қолжетімділігі жоқ барлық процеске қатысушылар сот мә­жілісі залын тастап шық­ты. Бұған дейін өзінің құпия материалдарды тексеру үдерісіне қа­тысуға тілегін білдірген сотталушы В.Челах сот залына жет­кізілді.

Басқа процеске қатысушылар үшін судья 29 қараша, таңертеңгі  сағат 9-ға дейін үзіліс жариялады.

Қазақстан Республикасы

Әскери сотының баспасөз қызметі.