Спорт • 30 Наурыз, 2019

Альпинизмнен ел біріншілігі өтті

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы аумағындағы Іле өзенінің бойындағы Таңбалы тас шатқалында альпинизмнен Қазақстан чемпионатына өтті. Бұл жарыста 17 жұпты құраған 34 спортшы бақ сынады.

Альпинизмнен ел біріншілігі өтті

Ерлер бəсекесінде құрамында Леонид Крупа мен Роман Шестерин сынды саңлақтары бар «Алматы-2» командасы топ жарды.Екінші орында –Павел Грязнов пен Александр Литовченко («Алматы-3») иеленді.  Үшінші сатыда –Максим Тен мен Георгий Щукин («Алматы-1»).

Əйелдер арасында «Алматы-12» клубының мүшелері Полина Əубəкірова мен Олеся Грязнова дара шықты. Екінші орынды Ольга Белоцерковской мен Юлия Рудерман («Алматы-13») олжалады. Үшінші сатыға Ксения Леонтьева мен Елена Синяева («Алматы-11») табан тіреді.