Спорт • 30 Наурыз, 2019

Шахмат: Ел чемпионаты Алматыда өтеді

654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 мамырда Алматы қаласында шахматтың рапид пен блиц түрлерінен Қазақстан чемпионатының шымылдығы түріледі.

Шахмат: Ел чемпионаты Алматыда өтеді

Жүлде қоры 350 мың теңгені құрайтын айтулы жарыста тек рейтингі жоғары 40 ойыншы ғана қатыса алады. Ол швейцариялық жүйе бойынша 9 раунд бойынша өтеді. 1-2 мамырда рапидтен бәсекелер ұйымдастырылса, 3 мамырда блиц ойынының шеберлері шаршы тақтаның жанына жайғасады. Осы бәсекеге халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген ең мықты шахматшыларымыздың дені қатысады деп күтілуде.

 Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылғы ел біріншілігі Қарағанды қаласында өткен болатын. Рапидтен ерлер арасында өткен жарыста алматылық Аян Ахметов және әйелдер сайысында елордалық Әмина Қайырбекова алдарына жан салмады. Ал блиц бәсекесінде қарағандылық Рустам Хуснутдинов пен шымкенттік Кристина Ким жеңімпаз атанды.