29 Қараша, 2012

Наразылық қанағаттандырылды

437 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Наразылық қанағаттандырылды

Бейсенбі, 29 қараша 2012 7:33

Ағымдағы жылдың 13 қа­рашасында Жо­ғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасы Бас Про­курордың наразылығын қарады. Қылмыстық қудалау органы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қыл­мысқа және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес департа­ментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Н.Беленковты билігін және қызмет­тік өкілеттігін асыра пайда­лан­ғаны және жалға алған пәтерде Ресей Федерациясының азаматшасын оның еркінен тыс заңсыз ұста­ғаны үшін айыптаған болатын. Петропавл қалалық соты­ның 2012 жылғы 27 наурыз­дағы үкімімен Н.Беленков ҚК 308-бабының 2-бөлігі бойынша 2 жыл сынақ мерзімімен 2 жыл­ға шартты түрде сот­талған.

Бірақ Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелля­ция­лық сот алқасы 2012 жылғы 26 маусымда сотталған азаматтың қылмыс жасауға қа­тысуы дә­лелден­беген­діктен ақ­тал­ған жә­не бұл кассациялық сатыда өзгеріссіз қалдырылған. Жо­ғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқа­сының қаулысымен ағым­дағы жылдың 13 қарашасында Бас Прокурордың наразы­лығы қана­ғаттандырылды. Бірінші саты­дағы сот үкімі күшінде қал­дырылды. Н.Беленков 2 жыл сынақ мерзімімен 2 жылға шартты түрде сотталды. Алайда, «Қазақстан Республикасы мем­лекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақым­шылық жасау туралы» заңның негізінде белгіленген жазаны өтеуден босатылды, деп хабарлады Бас прокуратураның бас­пасөз қызметі.