Ұшу барысында Әулиекөл, Наурызым, Қарасу аудандарының қар жамылғысы кей жерлерде толық ерігенімен, қарлы аймақтар әлі байқалады. Тасты су қоймасы акваториясының мұзы үстінде қар жамылғысы жоқ, еріген судың бүйір ағыны байқалмайды. Ақмола облысы маңындағы Есіл және Державин ауданында қар жамылғысы тұтас жатыр. Ашутасты және Ақжар су қоймалары мұзының үстінде кей жерлерде қар жауып, мұз жағадан кеткен.
Арқалық қаласы маңынан көрінетін айналаның аумағында қар жамылғсысы 50-60% болады. Облыстың оңтүстік шекарасына жақындағанда қар мөлшерінің азайғанын байқауға болады және Екідін мен Амангелді аудандарының аумағында қар жоқ. Қарағанды облысының Ұлытау тау бөктерінің аудандарында қар сайлар мен шатқалдарда сақталған.
Облыстың оңтүстігіндегі Сарыторғай, Қараторғай өзендері мұздан босады, су таза, бұрылыстарда аздап мұз жиналған. Қардың толық болмауына байланысты жергілікті су ағысы төмен, бірақ Екідің бекеттерінде-Сарыторғай және Үрпек өзендері мен Қараторғай өзенінде су деңгейі жоғарылап, су ағыны күшейген, ол Сарыторғай өзеніңде секундына 30,5 м3- және 113,0 м3 / сек құрайды. Су Қарағанды облысы жағынан келіп жатыр.
Амангелді ауданының солтүстігінде орналасқан барлық өзендердің бетінде мұз бар, кей жерлерде мұз үстінде ойықтар мен жиектер байқалады. Қабырға мен Торғай өзендерінде мұздың мұрты бұзылмапты, бүйірлік ағыстар да байқалмайды, бірақ далада қалың қар жоқ.
Наурызым ауданының Дәмді ауылы маңында жергілікті өзенді әлі қар басып жатыр, арна кеуіп қалғанды, қардың көбесі енді сөгіліп жатыр. Әзірге су тасқыны қаупі білінбейді.
Сондай-ақ, алдағы аптада Қостанай облысының ТЖД Азаматтық қорғау саласындағы қауіп – қатерді азайту және бақылау басқармасының мамандары облыстың батыс өңірлерін (Рудный, Таран, Денисов, Жітіқара, Қамысты аудандары және Ресей Федерациясының трансшекаралық аудандары) және солтүстік (Қарасу, Сарыкөл, Ұзынкөл, Қостанай) аймақтарын аралауды жоспарлап отыр.
Қостанай