Аймақтар • 30 Наурыз, 2019

Алматыда Еуразиялық «Кәсіпқойлардың жаңа буыны» көшбасшыларының форумы өтті

676 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы Менеджменті университетінде Жастар жылына орай өткен Еуразия жас көшбасшыларының форумы ТМД мемлекеттері қатысушыларының халықаралық гуманитарлық қорының қолдауымен «Солтүстік-Оңтүстік» Саясат орталығы және М.Ломоносов атындағы ММУ Ақпараттық-сараптамалық орталығымен ұйымдастырылған.

Алматыда Еуразиялық «Кәсіпқойлардың жаңа буыны»  көшбасшыларының форумы өтті

Форум барысында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 150-ден астам қатысушылар кәсіпкерлікке баулу, бастапқы жабалардан бастап стартап жобаларға дейінгі кезең, «бизнес-инкубаторлар» технологиялары, көсбасшы және «танымал командаларды» қалыптастыру бағытындағы интерактивті алаңда тренингтер, іскер ойындар, шеберлік сағаттарын өткізіп,  пікір алмасып, өз жетістіктерімен бөлісті.

Шараның күн тәртібінде қарастырылған аймақтардағы жастар саясаты, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру тетіктері, кәсіби деңгейлерін көтеру бағытында да сараптамалар жасалып, ұсыныстар тыңдалды.

Форумда «Жас Отан» жастар қанатының, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Жастар конгресі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілдерімен қатар бизнес психологтар, бизнес сарапшылар, IT саласындағы үздік жетістіктердің, сонымен қатар Қазақстан, Ресей және Орталық Азия елдерінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту авторларымен кездесулер өтті. «Еуразия жастары: болашаққа бірлескен адам» және «Іскер Еуразия» байқауларының жеңімпаздары – жастар жобаларының да таныстырылымы өтті.

Алматы