
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың тапсырмасымен мектеп-интернат басшылығының тарапынан қол көтеру жағдайына байланысты қызметтік іс жүргізетін комиссия құрылды және қылмыстық қудалау, оның ішінде жұмыстан босату туралы шешім қабылданады.
- Қазір прокуратура қол көтерген тәрбиешілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.Бұл жабайылық және біз бұған тосқауыл қоюымыз керек, алдымен мектеп-интернаттардың басшылығын тексерген жөн, бұл өз қызметтеріне салғырт қарау. Барлығын тексеріп, қатаң жазалау керек,- деп тапсырды Серік Шапкенов комиссия жиынында.
Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары мүмкіндігі шектеулі балаларды қадағалайтын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасы басшысының орынбасарына сөгіс жариялауды тапсырды.
- Комиссия құрамына қоғам белсенділері кіреді, осы комиссияға кез- келген мекемені кез-келген уақытта қадағалап, тексеру құқығы берілуі тиіс, ерекше балаларды оқытуды жеке қадағалаған жөн,- дейді Шапкенов. – Сондай-ақ, барлық мектеп-интернаттар сыныптары интернетке қосылып, ата-аналардың, қоғам белсенділері мен тексеруші органға бақылауға мүмкіндік жасалады.
Атырау