Қостанайда Ресейдің нөмірімен жүрген 2000, Қазақстанның 2800 автокөлігі иесінің қарызын төлемегендігі тіркеулі тұр. «Борышкер» жедел шарасында полицейлер ресейлік 3 автокөлікті ұстап, оларға қарыз боп жамалған тиісті айыппұлын төлетті.
«Үш күнде облыс өңірінде жүргізілген жедел-профилактикалық шарада 9 миллион теңге қарыз жиналды. Жыл басынан бері жүргізушілерге жол-көлік ережесін бұзғаны үшін 228 миллион теңге айыппұл салынған болатын, соның бүгінге дейін 130 миллион теңгесі төленді» дейді Облыстық полиция департаменті Әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Серік Әбдіхалықов.
Қостанай