Спорт • 01 Сәуір, 2019

Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін жарыс өтті

1090 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде грек-рим күресінен 2002-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін республикалық турнир өтті.

Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін жарыс өтті

Семей өңірінің тумасы Дәулет Тұрлыханов Олимпия ойындарына үш мәрте қатысып, соның екеуінде жүлде алды: 1988 жылы Сеуле күміспен күптелсе, 1992 жылы Барселонада қолаға қол созды. 1996 жылы Атлантадағы додада төртінші орынға табан тіреді. Әлем чемпионатында үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілді: 1987 жылы – қола, 1989 жылы – алтын, 1993 жылы – күміс. Сонымен қатар, айтулы азаматтың Еуропа және Азия чемпионы, әлем кубогының екі дүркін иегері, КСРО халықтары Спартакиадасы мен Азия ойындарының жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы және тағы басқа толып жатқан атақтары бар.

Боз кілеммен қош айтысқаннан кейін де Дәулет Болатұлы үлкен спорттан алшақтаған жоқ. Әр жылдары Қазақстан құрамасының бас бапкері, ұлттық федерацияның президенті және вице-президенті, республикалық Туризм және спорт агенттігінің төрағасы қызметтерін атқарды. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Бұл күндері Тұрлыханов мырза Біріккен күрес әлемінің Бюро мүшесі және Азия күрес федерациясының президенті.

Даңқты балуанның құрметіне өткен республикалық турнирде өз салмақ дәрежелері бойынша мына жас өрендер жеңіс тұғырына көтерілді:  


45 кило 
1. Саматбек Ізімғали (Шаңырақ) 
2. Диас Сайлауов (Ақтөбе)
3. Нұрдәулет Қапас ( Таскескен)
3. Даниял Тоқтаған (Алматы обл.)

48 кило  
1. Ерасыл Дәулетбек (Қарағанды)
2. Рахат Аянгелдин (СҚО)
3. Мақсат Алданиязов (Қ. Мұңайтпасов)
3. Ербол Қамалиев (Алматы обл.)

51 кило 
1. Исхар Құрбаев (Алматы обл.)
2. Берік Нұроллаев (Шаңырақ)
3. Әділбек Қамкен (СҚО)
3. Ислам Евлоев (СҚО)

55 кило
1. Ерасыл Кенғанов (Қ. Мұңайтпасов)
2. Бабыржан Өмірбаев (Түркістан) 
3. Қуат Айтбай (Жамбыл)
3. Дінмұхамед Әмір 

60 кило 
1. Досжан Утепқалиев (БҚО)
2. Әзиз Ғасымов (Ақмола)
3. Мерей Мәулетқанов ( Алматы обл.)
3. Димаш Аман (Жамбыл)

65 кило 
1. Омар Сатоев (Түркістан)
2. Дін-Мұхамед Қошқар (Жамбыл)
3. Ернар Жолдас (СҚО)
3. Диас Алмаған (Ж. Үшкемпіров)

71 кило
1. Денис Пилипенко (СҚО)
2. Ермахан Көшкінбаев (ШҚО)
3. Мобби Баддалов (Б. Саттарханов)
3. Әсет Әбдібек (Түркістан обл)

80 кило 
1. Мақсат Сайлау (Қ.Мұңайтпасов)
2. Ерсұлтан Амантай ( Жамбыл)
3. Берікжан Қазез (ШҚО)
3. Ұлықбек Темірбек 

92 кило 
1. Даниэль Деобальд ( Ақмола) 
2. Абай Серікқазыұлы (Алматы обл.)
3. Айдос Әміров (Лепсі спорт-интернаты)
3. Темірбек Ертілеу (Жамбыл)


110 кило 

1. Нұртас Қыдырбай (Қызылорда)
2. Владимир Отрошка (Ақмола)
3. Жансұр Хамидуллин ( БҚО)
3. Жандос Задаш