Экономика • 01 Сәуір, 2019

«Қазақмыс» Оңтүстік Корея госпиталімен меморандумға қол қойды

834 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ендігі кезекте Жезқазған дәрігерлері бағдарламаға сәйкес Енсе университетінің мамандары кеңес беріп, үйрететін болады. Үш жақты келісімшартқа «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Енсе университетінің «Северанс» госпиталі, «Severance-KZ халықаралық медициналық қоры» қоғамдық қоры қол қойған.

«Қазақмыс» Оңтүстік  Корея госпиталімен меморандумға қол қойды

«Северанс» госпиталі Корея Республикасындағы алдыңғы қатарлы медициналық орталық әрі Азияның денсаулық сақтау жүйесіндегі көшбасшы болып табылады. Госпиталь мамандары Енсе университетінің академиялық базасында жұмыс істейді.


Қол қойылған келісім шарт бойынша аталған госпиталь мамандары қазақстандық дәрігерлерге ғылым және өнеркәсіптік медицина саласында тәжірибелік кеңестер береді. Осы меморандум аясында сонымен бірге денсаулық саласындағы заманауи технологиялар енгізу, аталған университет мамандарымен әзірленген бағдарлама аясында оқыту жоспарланған.


Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,


«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше