Қазақстан • 01 Сәуір, 2019

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің жеңімпаздары анықталды

559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің жеңімпаздары анықталды

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада  Қазақстаннан ең үздік деген сегіз жүзден астам оқушы біліктіліктерін сынады.  Биылғы жылы республикалық олимпиаданы өткізу мәртебесі алғашқы рет өткізілген Ақтөбе қаласына берілді. Алматыдағы «Республикалық физика-математика» мектебі республикалық олимпиаданың тұрақты қатысушылары ретінде биылғы жылы 8 алтын, 10 күміс және11 қола медальді еншіледі. Ең көп медаль алған мектеп ретінде  РФММ үздіктері мақтауға ғана лайық. Ұстаздары үздік орындарды еншілеген оқушыларын ең қиын деген межелерден жасқанбай өтуге машықтанған, дейді.