Фильм жолбарыстарды қорғаумен, оларды көбейтумен айналысатын әлемнің ең ірі деген екі табиғи аумағында түсірілген. Аталған жобаның Қазақстан үшін де маңызы жоғары. Қазақстанда екі жылдан бергі аралықта жолбрыстарды көбейту жобасы белсенді жүзеге асып келеді. Бүгінде жоба аясында 415 мың гектарды алып жатқан Іле-Балқаш резерваты жұмыс істейді.
Таныстырылым барысында WWF Ресей Орталық Азия бағдарламаларының директоры Григорий Мазманянц тұран жолбарысының жойылып кету қаупіне байланысты әзірлеген зерттеу мақаласын оқыды. Сарапшы өз баяндамасында Іле-Балқаш резерватын дамыту Қазақстан үшін ғана емес жолбарыстарды әлем бойынша қорғауға бағытталған игі шара екенін атап өтті.
Қазақстандық Start-time.kz краудфандинг платформасының директоры Азиза Утегенова «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты жобасы туралы көпшілікті хабардар ету кампаниясының ашылғандығынан хабардар етті. Кампанияның жолбарыс туралы толық ақпарат бере отырып, әсіресе балаларға тиісті білім мен тәжірибе берудегі маңызына тоқталған ол қазіргі кезде Хоум Кредит банк тарапынан бір миллион теңге аударылғандығын жеткізді.