Қазақстан • 01 Сәуір, 2019

Апатқа ұшыраған тікұшақтың қара жәшігін мемлекеттік комиссия тексеріп жатыр

493 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік комиссия Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына себеп болған нұсқаларды зерттеп жатыр. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.

Апатқа ұшыраған тікұшақтың қара жәшігін мемлекеттік комиссия тексеріп жатыр

«Ми-8 - 1988 шығарылған тікұшақ. Алматы қаласындағы №405 авиажөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен. Зауыттан шыққаннан кейін тікұшаққа әуеде 2000 сағат немесе 8 жыл ұшу ресурсы беріледі. Бүгінге дейін тікұшақ әуеде 773 сағат ұшқан», деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов.

Оның айтуынша, техникалық тұрғыда тікұшақта ешқандай ақау болмаған. Мемлекеттік комиссия тергеу жүргізіп жатқандықтан, Ми-8 типті тікұшақтардың ұшуы тоқтатылды.

«Апта бойы олар техникалық тексерістен өтеді. Ми-8 - посткеңестік елдердің ішінде ғана емес, бүкіл әлемдегі ең адам көп сияқтын тікұшақ саналады. Ең қарапайым әрі сенімді тікұшақ. Қазіргі таңда біз Ми-17 және Ми-171 тікұшақтарын, сонымен бірге Ми-35 жауынгерлік тікұшақтарын сатып алудамыз. Жоспарлы жұмыстар жүруде», деді Д.Қосанов.

Ол сондай-ақ мемлекеттік комиссия тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Нәтижесі ресми түрде хабарланады. Барлық себептер саралануда: техниканың істемей қалуы, адами фактор және метеожағдай. Мен комиссия мүшесі емеспін. Сол себепті, ол жайында пікір білдіруге қақым жоқ. Қара жәшік мемлекеттік комиссияда. Оны тексеру құқығы бізде жоқ», деді Дәурен Қосанов.

Сонымен қатар, Дәурен Қосановтың айтуына қарағанда, ҚР заңына сәйкес, көз жұмған әскери қызметшілердің отбасына бір жолғы өтемақы беріледі. Бұл - оның 5 жылдық жұмысы бойынша жалақысы. Сонымен бірге, отбасылар қызметтік баспананы қайтарымсыз заңдастырып алуға құқылы. Жерлеу рәсімі бойынша барлық шығындар өтеледі. Сондай-ақ, отбасында қанша адамның болуына байланысты баспанаға қатысты өтемақы төленеді. Бұл адам басына қарай әр әскери қызметшінің отбасына әртүрлі өтемақы берілмек.

Еске салайық, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшыраған болатын.