Саясат • 02 Сәуір, 2019

Бюджетке қатысты көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге тиіспіз – Президент

651 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бюджетке қатысты көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге тиіспіз. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Егемен Қазақстан» және «Айқын» газеттеріне берген сұхбатында осылай деді.

Бюджетке қатысты көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге тиіспіз – Президент

«Халықтың нақты табыс табуына қатысты мәселелерді тек бюджеттік шығындар есебінен шешу мүмкін емес екенін де түпкілікті түсінгеніміз жөн. Біз бюджетке қатысты көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге тиіспіз» деді Мемлекет басшысы.

Президент жергілікті әкімдердің көлікті, жиһазды аса қымбатқа сатып алатынын сынады.

«Жергілікті атқару органдары түрлі имидждік іс-шараларды өткізуге құмар. Осындай шығындарды тоқтатып, жергілікті бюджет қаржысын әлеуметтік іс-шараларға жұмсау керек. Жалпы, ысырапшылдыққа тосқауыл қою қажет, сондай-ақ, бюджеттің жымқырылуын мүлдем жою керек. Масылдық пиғылға да жол бермеуіміз керек. Азаматтарымыз үшін ең ұтымды әлеуметтік қорғау – бұл өз бизнесін жүргізуге мүмкіндігінің болуы немесе білікті еңбегі үшін лайықты еңбекақы алуы» деді Қ.Тоқаев