Ата заң • Бүгін, 16:34

Азаматтардың 90%-ға жуығы жаңа Конституция жобасын қолдайды

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум қарсаңында халықтың хабардарлық деңгейі мен жаңа Конституция жобасына деген көзқарасын анықтау мақсатында әлеуметтанулық телефон сауалнамасын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтардың 90%-ға жуығы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Сауалнама 2026 жылғы 12-20 ақпан аралығында Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен өткізілді. Зерттеу 18 жастан асқан Қазақстан халқын қамтитын ұлттық іріктеме негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі – 1 200 респондент. Телефон арқылы жүргізілген сауалнама 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланы – Астана, Алматы және Шымкент қамтыды. Байланыс стационарлық және ұялы телефон нөмірлері арқылы жүзеге асырылды.

Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты

Ел азаматтары референдум туралы қаншалықты хабардар?

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстан азаматтарының 81,8%-ы елде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтетіні туралы біледі. Оның ішінде:

  • 33,7%-ы референдум жөнінде жақсы хабардар;

  • 48,1%-ы бұл туралы естігенімен, нақты мәліметтерді толық білмейді.

  • Респонденттердің 17,1%-ы референдум жайлы мүлде естімеген.

Өңірлер бойынша хабардарлық деңгейі ең жоғары көрсеткішті Жамбыл облысы (89,7%), Шығыс Қазақстан облысы (87,8%), Қызылорда облысы (89,1%), Батыс Қазақстан облысы (88,1%) және Алматы (87,6%) көрсетті.

1

Жастар арасында референдум туралы толық ақпарат білетіндер үлесі 44,8%-ды құраса, егде жастағы азаматтардың 51,7%-ы бұл туралы жалпы хабардар екенін айтқан. Сонымен қатар білім деңгейі артқан сайын ақпараттандыру көрсеткіші де жоғарылайтыны байқалған. Мәселен, жоғары білімді респонденттердің 86,7%-ы референдум туралы білсе, орта арнайы немесе кәсіптік білімі бар азаматтар арасында бұл көрсеткіш 74,3%-ды құраған.

Ақпарат көздері ретінде сауалнамаға қатысқандардың 76,9%-ы әлеуметтік желілерді (TikTok, Telegram, Instagram, Facebook, ВКонтакте және т.б.) атаған. 33,3%-ы жаңалықтарды интернет-сайттардан алатынын айтса, 20,5%-ы теледидарды негізгі ақпарат көзі ретінде көрсеткен.

сауал

Электоралдық белсенділік жоғары

«Сіз Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қатысасыз ба?» деген сұраққа қатысушылардың 72,8%-ы «иә» деп жауап беріп, мұны азаматтық міндеті санайтынын жеткізген.

  • 17,9%-ы әлі нақты шешім қабылдамаған;

  • 9,3%-ы референдумға қатысуды жоспарламайды.

Референдумға қатысуға дайындық деңгейі Түркістан облысы (82,7%), Батыс Қазақстан облысы (78,6%), Қарағанды облысы (78,1%), Қызылорда облысы (76,1%), Жамбыл облысы (75%) және Солтүстік Қазақстан облысы (75%) өңірлерінде жоғары екені анықталған.

Жас ерекшелігіне келсек, ең жоғары қатысу ниетін жастар (82,2%) және 29–45 жас аралығындағы азаматтар (76,3%) білдірген. Сондай-ақ жоғары білімді (74,4%) және жалпы орта білімді (75%) респонденттер де белсенділік танытқан.

Коалиция мүшелері Атырау облысының студенттерімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Жобаны қолдау деңгейі

Сауалнама қорытындысы бойынша,ел азаматтарының 89,2%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды. Оның ішінде:

  • 52,8%-ы жобаны толық қолдайды;

  • 36,4%-ы қолдауға бейім.

Ал 10,8%-ы әртүрлі себептерге байланысты жобаны қолдамайтынын немесе нақты шешім қабылдамағанын айтқан.

Зерттеу Орталық сайлау комиссиясы жариялаған ресми хабарламаға сәйкес ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар