02 Сәуір, 2019

Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастығы талқыланды

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында университет бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Ресей Федерациясы Федералдық Жиналыс Федерация Кеңесінің халықаралық істері, қорғаныс пен қауіпсіздік жөніндегі комитеттердің төрағалары Константин Косачев және Виктор Бондаревпен кездесуі өтті.

 Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығының мәліметтері бойынша, кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйіне тоқталып, келешектегі  мәселелерін, сондай-ақ киберқауіпсіздік аясындағы өзара іс-қимыл барысын назарға алды. Осы кездесу барысында сонымен бірге шетелдік қонақтар тыңдаушыларға дәріс оқып, халықаралық қауіпсіздік мәселелеріндегі Ресей Қарулы күштерінің тәжірибесі де талқыланды.