02 Сәуір, 2019

Латын негізді қазақ жазуына қатысты семинар өтті

558 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Латын негізді қазақ жазуына қатысты  семинар өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық «Латын негізді қазақ жазуы: ономастикалық-графикалық кеңістік мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Республикалық деңгейде өткен семинарға  ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкерлері, Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы ӘТжХҚУ профессор-оқытушылары мен университеттің білім алушылары, ізденушілер, докторанттар, магистранттар, студенттер жиналды.

 Ономастикалық атаулардың графикалық кеңістікте таңбалану мәселелері, графикалық кеңістіктегі жарнама және маңдайша мәтіндері, антропонимдер орфограммалар және ономастикалық-графикалық кеңістіктің латын негізді қазақ жазуына негізделу мәселелері семинардағы өзекті тақырып ретінде қатысушылар тарапынан қызу талқыға түсті.  Семинар барысында қатысушыларға сертификат берілді.