Президент • 03 Сәуір, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдалламен телефон арқылы сөйлесті

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдалламен телефон арқылы сөйлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдалламен телефон арқылы сөйлесті
Иордания Королі ІІ Абдалла Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақ­стан Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қолдау біл­діріп, бұл хабарды бүкіл әлем зор түсіністікпен қабылдағанын атап өтті.
ІІ Абдалла Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке достығын жоғары бағалайтынын айтып, Елбасының Қазақстан мен Иор­дания арасындағы ын­тымақ­тас­тықты қалыптастыру және да­мыту ісіндегі тарихи рөліне тоқталды.
Иордания Королі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына мықты денсаулық және алдағы қыз­метіне табыс тіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев пен ІІ Абдалла алдағы уақытта тұ­рақты байланыстарын жал­ғастыра беруге уағдаласты, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.