09 Ақпан, 2012

Қарулана берсек не болады?

445 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қарулана берсек не болады?

Бейсенбі, 9 ақпан 2012 8:17

Қазіргі заманның ақпарат­тық ағыны  керемет. Дүние жүзінде болып жатқан ірілі-ұсақты оқи­ға­ларды күнделікті әлем жұрт­шы­лығына жеткізіп тұ­рады. Алыс­тағының жаңғы­ры­ғы ғана жетсе, өз айма­ғын­дағы оқиғаға ешкім де бейжай қарай алмайды. Өйткені, өгізге туған күн бұзауға да тумай ма? Қаншама жантүр­ші­гер­лік оқи­ға­ларға бой үйренді десек те, соңғы кездегі адамдар­дың бір-біріне қару қолдануы кім­нің де болса жүрегіне қорқыныш ұялатады. Бәрінен де бесіктен белі шық­па­ған жастардың өз мәсе­ле­ле­рін суық қарумен шешпек болғаны бәрібір біздің қоғамға жат құ­бы­лыс екені даусыз. Оның алдын ал­масақ, түптің түбінде жағдай мүл­дем ушығып кетуі ықтимал.

Орыс халқы айтқан ғой «Фак­ты – упрямая вещь» деп. Енді  ай­ғақ­қа жүгінейікші. Ал­ма­­ты об­лы­сының Қаратал ауда­нын­да өт­кен жылы жантүр­ші­герлік оқи­ға болды. Бір шаруа қожа­лы­ғы­ның бастығы қа­­сына жай қыз­мет­ші­сін алып, мал қыс­тау­лары­на шы­ғады. Соғымға мал іздеген болса керек.  Айдала, ақ дала құла дүз болған соң, ол мылтығын ала шы­ғыпты.  Аң ауламақ болды ма? Әлде дәулетті болған соң, сақ­тық­пен ылғи солай қару­ланып жүре ме? Ол жағы жұмбақ. Әрине, қыс­тау­да қона жатып, ас ішіп, көңіл көтереді. Ішкілік те қойыл­ған шы­ғар. Онсыз қазір  дастар­қан­ның «сәні» келе ме?
Қалай болғанда да,   серіктес  жұ­мысшы мен қожайынның ара­сын­да кикілжің болады. Қожа бол­ған соң, мал соятын жас жігітті ұрып тастаған екен деген болжам айтады ел-жұрт. Оның анық-қанығын тергеу орындары айқын­дап та жатыр. Өкінішке қарай, өзара ұрыс-керістің арты қайғылы аяқталады. Қызметші шаруа  қо­жа­лығының  жетекшісін өз  мыл­ты­ғымен атып тастайды. Өлгеніне көзі жеткенде құла дүзге беталды қаша жөне­леді. Мылтықты да ала кетеді. Арада бір  тәулік өт­пей қыстаудан 70 шақырым  жер­ден   аудандық ішкі істер бө­лі­мінің оперативтік тобы қаш­қын­ды қуып жетеді. Одан  өз еркімен берілуін өті­неді. Бірақ адам өл­ті­ру­дің құнын білетін жас жігіт   тағы мылтық ата­ды. Бұл жолы өзін көздепті. Құдай да алатынын ғана алады ғой. Жігіт өлмей  тірі қала­ды. Қазір Тал­дықорған қаласында емханада жатыр. Есігінде күзетші тұр.
Бұл бір ғана кездейсоқ оқиға болса, оны мәселе ғып көтермес те едік. Бұдан кейін тағы бір әу­ме­сер  қыстауда тағы бір жұмыс­шы­ны атқан деген хабар тарады. Ол ол ма, облыс орталығында мей­­рамханадан шыққан жастар өзара керісіп қалып, бір-біріне қару қолданған. Соның салда­ры­нан 23 жасар  жігіт қаза тапты. Бірнеше серіктері ауруханада жатыр. Ол да қараталдық  еді. Шағын ауданда аз уақытта бірнеше адам атыс­тан өлгенде қор­қыныштан көкейі­ңе неше қилы ойлар оралады екен. Жаппай қарулансақ  не боламыз?
Қазір ішкі істер бөлімінің қыз­меткерлері  аудан жұртшы­лығына үндеу тастап, өз еркімен қару­ла­рын сатуды өтініп жатыр. Әрине, қаруларын саудалап  жатқандар да баршы­лық. Бірақ жаппай үр­діс­ке  айнала қойған жоқ. Айналмас та. Сол қаруларды жұртшы­лық құқық қорғау мекемесінің рұқ­сатымен алып жатыр ғой. Со­лардың бәрінің ақыл-есі дұрыс па екен? Бала-шағасында ауыт­қы­ған­дар жоқ па екен? Қару­ланғандарда психиатрдың дені сауын растай­тын анықтама­лары бар ма екен? Жоқ. Жоқ. Тағы жоқ. Ендеше қа­тер бар деңіз. Ал оқталған мыл­тық атылмай тұрмайды. Бәрінен қым­бат –  адам өмірі. Ой­ла­найық, ағайын.
Мәкен ӨСЕРБАЕВА.
Алматы облысы,
Қаратал ауданы.