Аймақтар • 03 Сәуір, 2019

Қостанайда «Мен және төтенше жағдай» атты балалар шығармашылық байқауы өтті

998 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайда «Мен және төтенше жағдай» атты балалар шығармашылық байқауы өтті

Өмірде орны толмас өкінішке соғып жататын өрттің себепкері көбінесе балалардың отпен ойнаған ойлаусыз қылығы болып табылады. Сондықтан Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің алдын алу шараларын білім беру мекемелерінен бастайды. Осы мақсатпен департамент пен Облыстық білім беру басқармасы бірлесіп, мектеп оқушылары, колледждер мен кәсіптік білім беру лицейлері тыңдаушыларының арасында «Мен және ТЖ» атты балалар шығармашығы байқауын өткізді. Байқау мазмұндама жазу, сурет салу, макет және тұсау кесу атты 4 аталым бойынша екі сатыдан тұрды.

Балалар шығармаларынан өртке қарсы, қар көшкіні, су тасқыны, жер сілкіну және боран кезіндегі іс-қимылдарды көруге болады. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде «Үздік сурет» пен «Үздік макет» аталымы бойынша көрме ұйымдастырылды. Ондағы «Макет» аталымында бірінші орынды Қарабалық ауданынан мектеп оқушысы Ядвига Волкова, 2 орынды Қостанай ауданынан Карина Қарекова, 3-орынды Жітіқара ауданынан Файдана Жайтасова жеңіп алды. Ал «Сурет» аталымы бойынша Таран ауданындағы мектеп оқушысы Злата Бойкованың шығармасы үздік аталды. 2-орынды Қостанай ауданынан оқушы Томирис Жақсымбекова, 3-орынды Меңдіғара ауданынан Асылан Елеміс деген оқушы жеңіп алды.

Жеңімпаздар сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталады.


Қостанай