21 Ақпан, 2012

Заңсыздықтың жолы кесіледі

267 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Заңсыздықтың жолы кесіледі

Сейсенбі, 21 ақпан 2012 8:23

Атырау облыстық ішкі істер департаменті көші-қон по­ли­циясы басқармасының бастығы Руслан Әділовтің ай­туынша, былтыр мұнайлы өңірге әртүрлі мақсатпен 60 мың­нан астам шетелдіктің келгені тіркелген. Оның ішінде алыс шетелден келгендер 11 мыңға жуық болса, жұмыс бабымен келгендері 6800-ден асады, іссапармен келгені – 3338, жеке сапармен – 427 және туристер – 143. ТМД елдерінен 50 мыңға жуық шетелдік келген. Осы деректер шетелдіктердің Атырауға жұмыс іздеп келгендері басым екенін байқатады.

 

Сейсенбі, 21 ақпан 2012 8:23

Атырау облыстық ішкі істер департаменті көші-қон по­ли­циясы басқармасының бастығы Руслан Әділовтің ай­туынша, былтыр мұнайлы өңірге әртүрлі мақсатпен 60 мың­нан астам шетелдіктің келгені тіркелген. Оның ішінде алыс шетелден келгендер 11 мыңға жуық болса, жұмыс бабымен келгендері 6800-ден асады, іссапармен келгені – 3338, жеке сапармен – 427 және туристер – 143. ТМД елдерінен 50 мыңға жуық шетелдік келген. Осы деректер шетелдіктердің Атырауға жұмыс іздеп келгендері басым екенін байқатады.

Бұл біздегі шетелдік жұмыс күшін тарту үрдісінің жоға­ры­лығын көрсетеді. Ол түсінікті де жағдай, өйткені, мұнайлы аймақта 500-ге жуық әртүрлі шетелдік компания жұмыс жасап жатқан болса, оларда мың­да­ған адам еңбек етеді. Қандай мақсатпен келсе де, олардың ішінде құқық бұзушылар да кездеседі. Өткен жылы шетел­дік­тердің қатысуымен 56 қыл­мыс тіркелген. Сараптама көр­сет­кендей, өзара төбелес, қо­ғам­дық тәртіпті, төлқұжат тәр­ті­бін бұзушылық, келген мақ­са­тының сәйкес келмеуі, жеке іссапармен келіп, заңсыз жұ­мыс жасау, т.б.

– Осының өзі аз емес. Кім болса да, бөтен елге бара жат­қанында сол елдің заңы бар екенін, тәртіпті сақтап, өзін лай­ықты ұстау қажет екенін білуі тиіс қой. Ондайларды біздің еліміздің заңын сыйламаған­дық деп қабылдауға болады. Сол есепті оларға тиісті жаза қолданылады, – дейді Руслан Әділұлы.

Шынында да, мұнайлы өңір­ге келіп, ақшаның буына мас болған шетелдіктердің теріс қылығы орынсыз-ақ. Өткен жылы көші-қон тәртібін бұзған 9130 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 858 шет­елдік елден тысқары шы­ға­рылды. Ал, бізбен бұрынғы одақ­тас республикалар азамат­тары­ның көзқарасы қалай екен? Олардың да Атырауға әртүрлі мақсатта келетіндері аз емес екен. Былтыр ТМД елдерінен 50 мыңға жуық адам келіпті. Оның ішінде жұ­мыс­пен келгені 700-ден астам, іссапармен – 7536, жеке өз шаруа­сы­мен – 48010, туристер – 163 адам. Әр республика бөлек мемлекет атанса да, әлі де қа­рым-қатынастың үзілмегенін жеке сапармен келгендердің көпті­гі­нен аңғару қиын емес. Оның үстіне Кеден одағы құрылғалы Ресей мен Белоруссиядан келушілер саны айтарлықтай артып отыр.

– Көші-қон бағытында Кеден одағының бір тиімді жері, ол – басқа республикадан келгендер жұмысқа келсе, бір ай бойына тіркелмеуіне болады. Бұрын жұмыспен қамту бөліміне барып, олардан жұмысқа тұру жөнінде келісім-шарт әкелуі тиіс бола­тын. Қазір ол әлдеқайда жеңіл­де­тіл­ді. Яғни, жұмысқа келген адам­ға жұмыс табуына, келісім-шарт жасасуына бір ай мерзімге мүмкіндік беріліп отыр. Ал, басқа мақсатпен келгендер 5 күн ішінде жергілікті жерге өзінің келгендігін білдіріп, тіркелуі тиіс, – дейді Р.Әділов.

Көші-қон мәселесі орал­ман­дар­ға да қатысты. Бүгінде шетел асып кеткен қандастарымыздың ұрпақтары тарихи Отанына ора­лып жатыр. Атырау облысына был­тырғы жылы 276 отбасы, яғни, 646 адам көшіп келген. Соның ішінде 246 отбасы Өз­бек­станнан, 31-і Ресейден, Түркі­мен­­стан, Украина, Моңғолиядан 2-3 от­басынан келіпті. Олардың қо­ныс­тануы да әркелкі. Көбісі, яғни, 217 отбасы негізінен Аты­рау қаласында тұрақтап қалуды қалаған, ал Жылыой ауданына 47 отбасы көшіп келген. “Оларға ешқандай шектеу қойылмайды, облыстың қай аймағына барам десе де еркі. Біреуі жұмыс іздейді, екіншісі ағайын жағалайды. Әркімнің қалауы әрқалай” дейді көші-қон басқармасының маман­дары.

Тарихи Отанына оралған­дар­дың басым бөлігі қала мен өндірісі молырақ Жылыой ауда­нын таңдапты. Соған қара­ғанда, атажұртқа оралғандар алдымен жұмыс мәселесін шешіп алуды бірінші орынға қоятын секілді. Енді бірер айда көктем шығып, күн жылынады, құрылыс науқаны қызады, жеке үй салу да қыз-қыз қайнайды. Құрылысты желеу етіп жан-жақтан гастарбайтерлер ағыла­ды. Бүгінде Атыраудағы құры­лыс жұмыстарын жүргізетін негізінен өзбекстандықтар екені белгілі. Әсіресе, құрылыс пен көлік жөндеу стансала­рын­да да Өзбекстан елінің аза­маттары. Қазіргі кезде Қазақ­стан тек Орталық Азияда ғана емес, бұрынғы Одақ елдері ара­сында да экономикалық жағы­нан дамыған мемлекеттердің бірі болып табылады. Осы орай­да Атырау да өз кезегінде, тек республиканың ғана емес, бүкіл аймақтың өндіріс орталы­ғына айналып отырғандай. Нақ осы жағдай, яғни, қаламыздан тәп-тәуір табыс табу мүмкіндігі көршілес мемлекеттердің аза­мат­тарын Атырауға тартатыны даусыз. Негізінен жұмыс іздегендер бізге Өзбекстан, Қыр­ғыз­стан және Ресейден келеді. Соңғы кезде Үндістан мен Түркия азаматтары да көп­теп ағыла бастапты. Бұрынғы Одақ елдерінен және шетелден келген гастарбайтерлерді елден шығару жұмысы да қатар жү­ру­де. Өйткені, олардың ара­сын­да түрлі құқық бұзудан да тартынбайтындары кездесіп жүр. Сондықтан тәртіп сақшы­ла­ры, атап айтқанда, заңсыз көші-қонмен күрес взводының қызметкерлері заңды бұзған шетелдіктерді анықтау, жауапкершілікке тартып, елден шығару бағытындағы жұмыстарды күнделікті жүргізіп отырады.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, полиция полковнигі.

Атырау облысы.