Саясат • 04 Сәуір, 2019

Сессияға дайындық барысы пысықталды

647 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Төр­ағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен республикалық кеңейтілген кеңес өтті. Жиын аталған ұйым қызметінің негізгі мәселелері мен ҚХА-ның XXVII сессиясына дайындық шараларын пысықтауға арналды.

Сессияға дайындық барысы пысықталды
Жиынды ашқан Ж.Түймебаев бүгінде Ассамблея алдында бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар маңызды міндет қойылғанын ерекше атап өтті. ҚХА Хатшылығының басшысы ҚХА жұмысының әлеуметтік сипатына ерекше назар аударды, сондай-ақ Жастар жылы аясында, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағ­дарламалық мақалалары мән­мәтінінде жаңа міндеттер қойды. 


«Біздің міндетіміз – Елбасы бағы­тын жалғастыру. Елдің жетіс­тік­тері мен ұлылығы. Бұл үшін негіз қаланған. Бес институ­ттық реформа, Ұлт жос­пары – «Қазіргі заман мемле­кеті барлығы үшін» қабылдан­ды, қоғам әлеуметтік және ру­ха­ни жаңғыртуға белсенді кі­рісті. Елбасына біздің ең жақ­сы қолдауымыз – Қа­зақстан игілігі үшін адал жә­не жанкешті жұмыс атқару. Бі­з­дің еліміздегі әлеуметтік-эко­номикалық және саяси реформалар жетістігінің даусыз негізі ре­тінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген Қоғамдық келісім мен жалпы­ұлт­тық бірліктің қа­зақ­стан­дық моделі болды. Қазақ­стан халқы Ассамблеясында жүзеге асы­рылған ол барлық азаматтардың этностық және діни тиістілігіне қарамастан нақты теңдігінің пәрменді тетігіне айналды. Бүгін біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастаймыз. Бізге Елбасының стра­тегиялық бағытының сабақ­тастығын қамтамасыз ету маңызды», деді ол. 


ҚХА Хатшылығының басшы­сы сонымен қатар Қазақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, өңір әкімдерімен алғашқы кеңесін өткізгенін тілге тиек етті. 


«Мемлекет басшысы атап өт­кендей, әлеуметтік әділ мемлекетке бағыт одан әрі жалғасады. Оны кешенді іске асыру «Нұрлы жол» бағдарламасы, Елбасының Жастар жылының ашылуында және Nur Otan партиясының XVIII съезінде берген Бес әлеуметтік бас­тамалар мен тапсырмалар аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар Елбасы атап өткендей, ұлтаралық қақтығысқа байланысты жекелеген әрекеттер ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Мұндай арандатушылық құқық тәртібі органдары тарапынан да, идеологиялық шаралармен де тез арада бөгелуі керек», деді Ж.Түймебаев. 


Бұдан бөлек аталған ұйым Төрағасының орынбасары ҚХА жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығару, әрбір қазақстандықтың елдегі өзгерулер үдерістеріне қа­тыс­тылығын қалыптастыру бойын­ша қызметіне ҚХА-ның бар­лық құрылымының белсенді қа­тысуы қажеттігін атап өтті.


Ассамблея Төрағасының орын­басары 2019 жылы 29 сәуірде өтетін «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» атты ҚХА XXVII сессиясының маңыздылығына тоқталды. 


«Бұл сессия біздің еліміз­де­гі қоғамдық келісім мен жал­пыұлттық бірлікті одан әрі ны­ғайтуды қамтамасыз ете оты­рып, саяси күн тәртібіндегі ма­ңызды оқиға болуы тиіс. Осыған орай оны жоғары идеологиялық және ұйымдастырушылық дең­гей­де өткізу қажет», деді аталған спикер.


Сонымен қатар Ж.Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттерін тілге тиек етті. Атап айтқанда, кездесу барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңды іске асыру мәселелері талқыланды. Бірінші кезекте – осы заңға өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау тұр. 


Сондай-ақ Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ассамблеяның жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын, Жастар жы­лын өткізу жөніндегі Жол картасын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға қатысу мәселелері талқыланды.


Кеңес отырысында ҚХА-ның барлық құрылымының: Қо­ғамдық келісім кеңесінің, аналар кеңестері, журналистер клубтары, медиаторлар, ҚХА кафедралары, ғылыми-сараптамалық топ­тар, мәслихаттардағы депу­таттық топтар, кәсіпкерлер қауым­дас­тық­тары, ҚХА «Жаңғыру жолы» қоз­ғалысы мен этномәдени бір­лес­тіктер белсенділерінің жұмысын жандандыру мәселелері қаралды.


Жиын соңында ҚХА-ның өңірлік ассамблеялары үшін үлгі-модель ретінде Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Қызылорда облыстары ҚХА хатшылығының меңгерушілері  атқарылған жұмыс туралы баяндаса, шығыстан келген маман өңірдегі Достық үйінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.