Биылғы көктемгі дала жұмыстарының бағыттарына шолу жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов ауыл шаруашылығы техникаларына айырықша тоқталды.
«Соңғы 5жылда облыста барлығы 87 миллиард теңгеге 5,5 мың дана техника алынды. Биыл қырға 1204 ауыл шаруашылығы техникалары шығатын болады», деді Ғауез Торсанұлы. Сонымен қатар ол Қостанайдағы машина жасау зауыттарында шет елдік сапалы, қуатты тракторлардың құрастырылып жатқанын хабардар етті. Ол үшін мемлекеттік субсидия да қарастырылған.
Мәжілісте тұқым сапасы мен дайындығы, бақша өнімдерін өсіру, субсидия, тыңайтқыштар, жанар-жағар маймен қамтамасыз ету және оның бағасы,тағы басқа мәселелер қаралды.