«Сыр маржаны» серіктестігі шаруашылық директорының орынбасары Талайлы Бөріқұлов бұл қашарлардың негізінен ұрғашы екендігін айтады. Осында қолдан ұрықтандырылып көбейтіледі. Ал, бұқалары бордақыланып сатылмақ.
- Абердин-ангус малы негізінен осы біздің елге бейім, Қазақстанда да өсіріліп отырған мал. Шөп талғамайтын, бар шөпті қопада болсын, күріштің алаңында болсын жүріп жейтін мал. Негізінен біз жайылымға шығарамыз, аяғымен жүріп бағамыз деп отырмыз. Ал мына жақтағы бұрынғы әкелген малдарымыз бұлар шөпті қорада тұрып жейді. Далаға шықпайды. Екеуінің айырмашылығы осындай. Біреуі етті. Біреуі сүтті.
Алты айлық бұзаулардың өзі 200-300 келі салмақ тартатын абердин-ангус бұқалары бір тоннаға дейін салмақ қосады делінеді.
Мәрмәр деп бағаланатын еті сұранысқа ие бұл сиырларды сатып алуға ниет етіп отырған мемлекеттердің қатары көбейіп келеді.