03 Наурыз, 2012

Бектас БЕКНАЗАРОВ: БАҚ-пен тығыз байланыс сот жүйесі ашықтығының кепілі

294 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Бектас БЕКНАЗАРОВ: БАҚ-пен тығыз байланыс сот жүйесі ашықтығының кепілі

Сенбі, 3 наурыз 2012 7:15

Еліміздегі мемлекеттік органдар сияқ­­­ты ашықтық, жариялылық саясатын ұстанып, оны басты қағидаға айналдырып отырған сот жүйесінің жұмысы, сот реформасы, бұл саладағы бүгінгі ахуалды шынайы тұрғыда баяндау, сарапқа салу бұқаралық ақпарат құралдарында қалай көрініс табуда? Қарапайым халық пен сот, өзге де құқық қорғау органдары арасын жалғастыруға ықпал ету тетігі болып табылатын БАҚ өкілдерінің құқық­­­­­­­тық сауаттылығы, кәсіби білік­ті­лігі және бұл бағыттағы жауапкершілігі талап деңгейінде ме әлде болмаса кем­шіліктер де кездесе ме?!

 

Сенбі, 3 наурыз 2012 7:15

Еліміздегі мемлекеттік органдар сияқ­­­ты ашықтық, жариялылық саясатын ұстанып, оны басты қағидаға айналдырып отырған сот жүйесінің жұмысы, сот реформасы, бұл саладағы бүгінгі ахуалды шынайы тұрғыда баяндау, сарапқа салу бұқаралық ақпарат құралдарында қалай көрініс табуда? Қарапайым халық пен сот, өзге де құқық қорғау органдары арасын жалғастыруға ықпал ету тетігі болып табылатын БАҚ өкілдерінің құқық­­­­­­­тық сауаттылығы, кәсіби білік­ті­лігі және бұл бағыттағы жауапкершілігі талап деңгейінде ме әлде болмаса кем­шіліктер де кездесе ме?!

Бүгінгі таңдағы өзекті тақырыпқа айналып, көпшілікті толғандырып отыр­­­ған бұл мәселелер төңірегінде Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінде өткен «Құқықтық журна­листиканың даму бағыттары» атты кез­­десуде кеңінен әңгіме қозғалды, бұл мәжі­ліс­тің қонағы – ҚР Жоғарғы Сотының Төр­ағасы Бектас Бекназаров болды.

Жиналғандар алдында сөз ал­ған Бас судья «Халқымыздың небір майталман перзенттерінің шығармашылық, азаматтық дәс­тү­рін жалғастырып, Қазақстан тәуелсіздігінің тұғырлы рухания­тының биік болуына шұрайлы шығармаларымен, от ойларымен қызмет етіп жүрген журналис­тер­дің еңбегі қашан да құрметке лайық» деп бастады. «Қару-жа­раққа он доллар салғаннан баспа­сөзге бір доллар салған анағұр­лым пайдалы. Өйткені қарудың үні шықпауы да мүмкін, ал бас­пасөз болса таңертеңнен кешке дейін аузын жаппайды» деген АҚШ-тың отыз жетінші прези­денті Ричард Никсонның сөзінен үзінді келтір­ген Бас судья қо­ғам­дағы қандай да бір оқиғаны шын­дықтан ауытқы­май, шынайы түр­де көрсетіп, оған жоғары жауап­кершілікпен қарау – ең басты парыз әрі өзекті мақсат екендігіне де тоқталды.

Бектас Бекназаров сонымен қатар, республикадағы ең ірі жоба – Қазақстан сот репортерлері гиль­диясын құру ісінің қолға алын­ғандығын да мәлім етті. Мұндай игілікті іс жөнінде бастама көте­рушілердің арасында ҚР Жоғарғы соты, «Әділ сөз» сөз бостан­ды­ғын қорғау халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер ода­ғ­ы да бар. Мұның өзі сот және құқықтық журналистиканы – жо­ғары кәсіби және этикалық стандарттар негізінде одан әрі дамы­туға, сонымен қоса, журналистер мен судьялар қоғамдастығы, БАҚ пен сот арасындағы сенімділік қатынасты және сот билігінің тәу­елсіздігін, транспаренттілігі мен тиімділігін нығайтуға айтарлық­тай ықпал етпек.

Сала жетекшілерінің пікірін­ше, республикада құқықтық журналистиканы дамытып, оны одан әрі жетілдірудің жолдары жеткі­лікті. «Құқықтық журналисти­ка­ның бүгінгі даму бағыттары» атты жиында сөз алған Санкт-Петер­бург университетінің профессоры Галина Мельник, Санкт-Петер­бург «Кримонологтар» клу­бының президенті, «Кримонология» жур­налының бас редакторы Дмитрий Шестаков БАҚ өкілде­рінің кәсіби біліктілігін, ізденісін одан әрі арттыру бүгіннің де, келешектің де ең өзекті әрі басты мақсаты болуы тиіс екендігін ашып айтты.

«Жоғарғы Сот Төрағасының біз­­дің республикадағы БАҚ қыз­­мет­керлерінің әлі де болса құ­қық­тық сауаттылығының жоғары дең­гей­де емес» деген пікірін қол­дайтын­дығын айта келіп, журналистика факультетінің деканы Е.Алауханов құқықтық журналистика саласына арнайы мамандар даярлау мәселесі бүгінгі күнде тек біздің елімізде ғана емес, өзге мемлекеттерде де өзекті болып отыр, осы себепті журналистика факультеті бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарудың бастамашысы болуда» дегенді алға тартты.

Журналистердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақса­тында БАҚ басшылары мен кә­сіби журналистерді шақырып, ше­берлік сыныптар өткізудің әрбір студентке берері орасан зор. Осыған орай, факультетте «Қазақ газеттері» ЖШС-ның басшысы Жұмабек Кенжалин, республи­ка­лық «Айқын» газетінің редакторы Нұртөре Жүсіп т.б. танымал журналистер кездесулер өткізуде. Қазірде журналистика факульте­тіне «Егемен Қазақстан», «Халық кеңесі» газеттерінде ұзақ жылдар құқық тақырыбында өнімді еңбек еткен тәжірибелі журналист Се­рік Жұмабекұлы оқытушылыққа шақырылды.

Кезінде «Еге­­мен Қазақстан» газетінде ұзақ жылдар қажырлы­лықпен ең­бек етіп, құқық тақы­­ры­бына озық ойлы, терең маз­мұн­ды мақалалар жа­­­зып, атағы республика оқыр­ман­да­­­­­рына кең тараған дарынды жур­налист, мар­құм Нұри Муфтах – кейінгілерге үлгі боларлық тұлға.

«Қазақстанда бүгінгі күнге дей­ін журналистердің кәсіби бі­ліктілігін арттыру бағытындағы жоғары курстар мүлдем жоқ. Ал, мұндай курстар БАҚ қызмет­кер­лерінің кәсіби шеберлігін же­тіл­діруге көмектесер еді. Осы се­бепті журналистика факультетін­де университет ректоры Ғ.Мұ­та­нов­тың қолда­уы­мен «БАҚ ма­мандарының кәсіби біліктілігін арттыру және сертификациялау ұлт­тық орталы­­ғы» құрылуда, оған профессор С.Қозыбаев басшылық жасамақ», – деді Е.Алауханов.

Еліміздегі құқықтық журна­листиканың бүгінгі даму бағыт­та­рына арналған келелі жиын бір­қатар қиын да күрделі түйінді ше­шуге көмектесті. Мемлекет бас­шысының қазақстандықтарға биылғы Жолдауында атап айтыл­ған «Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып, шығаруға тиіс» деген талабы БАҚ өкілдеріне де ті­келей қатысты. Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – құқықтық сауатты, әрі мазмұны терең, қоғамдық маңыздылығы жоғары құнды дүниелер ғана оқырман жүрегіне жол таппақ. Көпшілік түйіні осы.

Бақыт БАЛҒАРИНА.