Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Қ.Көшербаев:
"Қазақ елінің тәуелсіздік алып, әлем елдерімен терезе теңестіріп, шекарасын шегендеп, бірлігін бекемдеп, мемлекеттік рәміздерін бекіткеніне биыл 28 жыл толады. Бұл - аз уақыт болғанымен, әлем картасында Қазақстан деген дербес мемлекеттің бар екенінің бірегей белгісі. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар, оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі - Әнұран, үшіншісі – Көк Байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі» деген халық жүрегінен орын алған дана сөзі бар. Рәміздер халықтың рухы мен айбатын білдіріп қана қоймай, сол мемлекеттің әлемдік өркениет көшіндегі орны мен деңгейін де белгілейді. Бүгін, міне, Көк Байрағымызды биікке көтеріп, Мемлекеттік Рәміздер алаңын ашқалы тұрмыз»,-деді.
Сонымен қатар, ауданда "Рухани жаңғыру" аллеясы ашылды. Онда 11 метрлік "Қазақ елі" мен "Қазақ хандығы" монументі, Қазақ халқының ежелгі дәуірі, лайдбокстарда Тәуелсіздік жылдарындағы қабылданған тарихи шешімдер кезеңі жазылған.
Қызылорда облысы