Аймақтар • 04 Сәуір, 2019

Гүлшара Әбдіқалықова Қостанай облысына сапарын көпбалалы отбасының үйіне барудан бастады

622 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Гүлшара Әбдіқалықова Қостанай облысына сапарын көпбалалы отбасының үйіне барудан бастады

Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова ұшақтан түсісімен "Әуежай" шағын тұрғын ауданынан үш бөлмелі пәтерге енді орналасып жатқан көпбалалы отбасына барды. Жалғыз өзі 8 бала тәрбиелеп отырған Жанат Шәкірова көп жыл бойы баспана кезегінде тұрған болатын. Жақында ғана оған "БК-Строй" құрылыс компаниясының президенті Игорь Ким 3 бөлмелі үй алып берді. 

"Қандай мәселе бар енді?" деген Гүлшара Әбдіқалықованың сұрағына Жанат "жағдайымыз өте жақсарды, алдымен Елбасына, "Нұр Отан" партиясына рахмет. Игорь Романович Кимге алғысым шексіз" деді. 

Көпбалалы ана бұрын 106 мың теңге алатын, енді жәрдемақысының 165 мың теңгеге көтерілгенін қуана жеткізді. Үкімет делегациясының сапары жалғасуда.

Облыста бүгінге дейін  көпбалалы 22 отбасына баспана берілді,  14 отбасының үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Қостанай