Спорт • 04 Сәуір, 2019

Қызылордалық Назерке Нұрғали Азия чемпионы атанды

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шри-Ланканың Вакадува қаласында шахматтан өткен Азия чемпионатында қызылордалық Назерке Нұрғали Азия чемпионы атанды.

Қызылордалық Назерке Нұрғали Азия чемпионы атанды

Назерке Нұрғали 16 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид түрінен өнер көрсетіп, екінші мəрте Азия чемпионы болды.

Ол бұған дейін 2016 жылы Моңғолиядағы Азия чемпионатында 12 жасқа дейінгі қыздар арасында алтын медаль жеңіп алған болатын. 2017 жылы Румынияда 13 жасқа дейінгі Əлем чемпионатында күміс, 2018 жылы Албанияда 15 жасқа дейінгі қыздар арасында Əлем чемпионы атанған.

Екі мәрте Азия чемпионың Василий Шмелков жаттықтырады.