14 Наурыз, 2012

Медиаторға жүгіну қаншалықты тиімді?

460 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Медиаторға жүгіну қаншалықты тиімді?

Сәрсенбі, 14 наурыз 2012 7:27

Өткен 2011 жылдың 5 тамызы күні «Медиация туралы» заң кү­ші­не енді. Аталмыш заңның кіріспе тар­ма­ғында медиация азаматтық, еңб­ек пен отба­сылық дауларды әрі қоғам мү­шелері мен заңды тұлғалар арасын­дағы талас-тартыс пен егесті, өзара келіспеу­ші­лікті реттеудің баламалы тәсілі екен­дігі атап көрсетілген. Сон­дай-ақ заңда медиация қағидаттарын қолдану ар­қы­лы сот өндірісіндегі бол­машы әрі орта деңгейдегі қылмыстық істерді де қа­рау­ға болатыны айтылған.

 

Сәрсенбі, 14 наурыз 2012 7:27

Өткен 2011 жылдың 5 тамызы күні «Медиация туралы» заң кү­ші­не енді. Аталмыш заңның кіріспе тар­ма­ғында медиация азаматтық, еңб­ек пен отба­сылық дауларды әрі қоғам мү­шелері мен заңды тұлғалар арасын­дағы талас-тартыс пен егесті, өзара келіспеу­ші­лікті реттеудің баламалы тәсілі екен­дігі атап көрсетілген. Сон­дай-ақ заңда медиация қағидаттарын қолдану ар­қы­лы сот өндірісіндегі бол­машы әрі орта деңгейдегі қылмыстық істерді де қа­рау­ға болатыны айтылған.

Қазір елімізде жаңа заңды іске асыру үшін нақты міндеттер мен ке­шенді іс-шаралар шоғыры белгілен­ген. Бұл ең алдымен кәсіби медиаторлар қыз­ме­тін қолданысқа енгізу ісінен бастау алып отыр. Осы мақсатта Ас­тана қала­сындағы «Келісім» кәсіби медиаторлар одағы» қоғамдық бірлес­тігінде арнайы курстар ашылған. Осында медиация­ның жалпы курсын аяқтап, тиісті серти­фикаттарға ие болғандар қазір республиканың түкпір-түкпірінде өз жұмыстарын бастап та кетті.

Медиацияның дәстүрлі сот ісімен салыстыра қарағанда, нендей өзгеше­лік­тері мен артықшылықтары бар? Бұл сауалға қайтарылар жауап төм­ен­дегідей. Медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа дейін жеткізбеу мақсатын көз­дейді. Оның қандай істер екені заң­д­а көрсетілген. Бүгінгі таңда сотта қаралатын істер өте көп әрі сан-сала­лы екені белгілі. Әр судьяға тиесілі жүктеме қалыпты мөлшерден екі-үш есеге артық болып келеді. Бұл қара­латын істердің сапасына, уақытты ти­імді пайдалануға теріс әсерін тигізуі әбден мүмкін. Осы орайда республикада «Медиация туралы» заң дер уақытында күшіне еніп отыр деп санай аламыз. Оны қолданысқа енгізу арқылы қазір сот жүйесіне түсіп отырған артық салмақты едәуір же­ңіл­детуге болатыны байқалады.

Бұл үшін ең алдымен кәсіби медиаторлар заңда көрсетілген шеңберде жеке адамдармен және заңды тұлға­лар­­­­мен өзара ерікті негізде келісім-шарт­тар жасамақ. Медиаторлар оның құ­пия­лылығы мен жабық, жасырын түр­де жасалатынына кепілдік береді. Өмір­де не болмайды? Дауласушы екі жақ бі­рін-бірі көргісі келмеуі немесе кездес­кенде бірін-бірі «түтіп жеп қоя жаздайтындай» жағдайда болуы мүм­кін. Мұндайда медиаторлар олардың әр­қай­сысымен жеке, оңаша әңгімеле­сіп, екі жақты ортақ мәмілеге келті­ру­ге ұмты­л­ады. Көп жағдайда дауласушы екі жақ бір-біріне жол бермей, біріншісі екіншісіне иілмей жатады. Бірінші кезекте ашу-дұшпан алға ке­тіп, ақыл-дос кейін қалып жүреді. Ме­диаторлардың мақсаты қайткенде де оларды татуластырып, екі жаққа да тиімді, оңтайлы шешім алынуына ал­ғы­шарт қалау. Міне, осылайша медиацияда шешім тек екі жақтың келісімі бойынша алынады.

Қалай десек те соттың шешімі бір жақты қанағаттандырса, екінші жақ бұл шешімге риза болмауы мүмкін. Медиация жағдайында дауласушы екі жақ оған ерікті түрде қатысып, бұл проце­ду­раның уақыты мен өтетін орнын өз­дері шешеді. Сондай-ақ, медиация үде­рісінде жеңушілер де, жеңі­лу­шілер де болмайды. Оның мақсаты – екі жақ та қанағаттанатындай шешім қабылдау. Со­­нымен бірге, есіл уақыт, артық жұм­сал­­­ған қаражат, шаршаған жүйке, тұр­ғы­сынан қарастырғанда да медиация­ның тиімді де ұтымды тұс­тары жетерлік.

Медиация туралы келісім-шарт жа­салған күннен бастап есептегенде оның мерзімі бір айдан аспайды. Мұн­да ше­шім екі жақтың келісімі мен татуласуы бойынша алынғандықтан тез орындалатыны айтпаса да белгілі емес пе? Медиация жағдайында үшін­ші жақ деген ұғым болмайды. Жоға­рыда айтыл­ған­дай шешімді алатын егесуші екі жақ­тың өздері болып табылады. Кәсіби медиаторлар тек соны үйлесті­ру­­ші, бітістіруші ғана. Республикада қабылданған жаңа заңның та­ғы бір артықшылығы – мұн­­да қағаз­бастылық пен төре­­шіл­дік­ке, уақыт­тың созылуына, оның босқа зая болуына жол қал­май­­ды. Мұның мәнісі – дауласушы жақтардың мә­се­лесі мамыражай, бейбіт жолмен шешілуін­де.

Осы арада тағы бір сұрақ туындайды. Сотта қаралып жат­­­­­қан істерге медиацияның қаты­­­­сы қандай? Иә, аза­маттық немесе болмашы әрі орта дә­ре­же­дегі қылмыстық іс сотта қара­лып жатса да, сонымен бір мез­гілде келі­сім-шарт бойынша өз­ара бітімге келіп үл­герген екі жақ­тың ортақ ұйға­рымы сотқа жолданған жағ­дай­да аталған аза­маттық немесе қыл­мыстық іс қыс­қартылады. Яғни, соттар бұл мәселе бойынша үкім шы­ғар­майды. Қысқа­сы, медиаторлар кінәлі немесе кінәсіз жеке және заңды тұл­ға­ларды іздемей­ді. Мұның оған түкке де қажеті жоқ. Ол тек тартысушы тарап­тарды өзара ыңғайлы шешім қа­был­дау­ға бағыт­тай­ды. Сондай-ақ, медиация жо­лымен жасалған келісім тараптар ара­сын­­да­ғы іскерлік байланыстарды одан әрі сақтауға жәрдемдесе алады әрі олар­­дың алдағы күндерге деген өзара сені­мін нығайтуға сеп­ті­гін тигізеді. Ең бастысы, тартысушы тараптар одан кейін де бір-біріне кінә, өкпе артпай оң, жылы шырайлы қа­рым-қа­тынаста қала бе­ре­ді. Міне, оның түп­тей келгенде әйтеу­ір бір жа­ғы ұтылып қалатын сот пен арбитраж шешім­де­рінен өзгешелігі осында.

Тағы бір айта кетерлік мәселе, рес­публикада күшіне кірген «Медиация туралы» заң талаптары мемлекеттік қызметке және мемлекеттік мүддеге қайшы келетін, бұл бағытта құрамын­да қылмыстық әрекет бар істерді қа­рауға рұқсат етпейді. Яғни, аталмыш заң кәсіби медиаторларға мұндай құ­қық бермейді. Ол тек жеке адамдар мен заңды тұлғалар арасындағы құ­қық­тық қатынастарды баламалы түр­де реттеуге қатыса алады. Сондай-ақ, медиация процедуралары жемқорлық сипаты бар қылмыстарды қарауға да қатыстырылмайды.

 «Медиация туралы» жаңа заң рес­публика тұрғындары тарапынан қа­жетті қолдау мен түсіністік тауып кете ала ма? Бұл бастама жаппай қол­да­нысқа енгізіле қояр ма екен? Немесе бұл іс жәй ғана бір жарнамалық сипатта қалып қойып жүрмесіне кім кепіл? Бұл сауалды біз тәжірибелі заңгер, есімі Ақжайық өңіріне кеңінен танымал азамат, кәсіби медиатор Бақтияр Баймырзаға қойған едік.

– Біріншіден айтарым, медиация бір­қатар таяу және алыс шетелдердің тә­жірибесінде бұрыннан қалыптасқан. Ол мемлекеттерде медиация міндетті процедура болып саналады. Бұлай бол­­­­маған жағдайда соттар істерді қа­был­даудан бас тартады. Соттар қыз­метінде артық салмақ пен артық балласт бар екені анық. Медиация соны жеңіл­де­тудің, сан-салалы соттар қыз­ме­тіне кө­мек берудің басты жолы бол­мақ. Сон­дықтан ел азаматтары медиация қыз­ме­тін жатсына қоймас деген сенім­де­мін, деді ол газет тілшісіне. Екіншіден, әрине, оның қолдау табуы адамдардың парасат-пайымы мен са­на-сезімдеріне де байланысты. Сонымен бірге, медиа­цияның тегіс, даңғыл жолға түсуі – біздерге, республи­ка­ның тұңғыш кә­сіби медиаторларының аяқ алыстарына да сын болмақ. Міне, біз бұл істе еліміз бойынша тұңғыш рет түрен салып отырған жайымыз бар. Өзара тү­сініспеушіліктен, татулықтың төмен­ді­гінен пайда болатын дау-дамайлар мен талас-тартыстарды бейбіт және соттан тыс тәсілдермен реттеу ісінде біз ме­диацияның барлық мүм­кін­діктері мен артықшылықтарын тә­жі­рибеге енгізе аламыз ба? Бұған әри­не бірінші кезекте уақыттың өзі тө­ре­ші болмақ. Тартысып-таласушы екі жақ­ты келісім үсте­ліне отырғызып, оларды өзара тиімді, өзара ыңғайлы әрі әділ шешім қа­былдауға бейімдеу – біздің қазіргі басты борышымыз. Кәсі­би медиатор ре­тінде менде осылай болатынына үлкен сенім бар, – деп түй­індеді ол өз ойын.

Талас-тартыстар мен дау-дамайлар­ды шешуде, егестерді екшеуде бү­гін­гі­нің биі іспеттес медиаторлар қайт­кен­де де екі жақты риза етсе, екі жақ­тың мүдделерін қатар қанағаттан­дыр­са алға қойған мақсаттарына бір табан жақындай түсер еді-ау деген ой келеді. Әрине, бұл оңай іс емес. Соны­мен бірге, қолдан келмейтін де мәселе емес. Егер медиаторлардың бойында моральдық-адамгершілік нормалар мен өмірлік және заңгерлік бай тәжі­ри­бе­лер тоғысар болса, несі бар, азаматтар жаңа заң шеңберіне сай медиатор­лар­дың қызметіне көбірек жүгінері сөзсіз.

Темір ҚҰСАЙЫН.

Батыс Қазақстан облысы.