15 Наурыз, 2012

Эксгумация

660 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Эксгумация

Бейсенбі, 15 наурыз 2012 7:07

Қытымыр қыстың бет қаратпайтын аязды күндерінің бі­ріндеХлеборобное ауылынан екі шақырымдай жерде орналасқанмұсылмандар зиратына жұртшылық көп жиналдыБұлар – жарықдүниеде 23 жыл ғана ғұмыр кешіптосыннан келген ажал алмасқылыштай қиып түскен Жоламан Есмағамбетовтың мүрдесін ашып,өлікті қазып алуғасөйтіп қайта тексеруге беруге келгентуған-туыстары мен тәуелсіз сот-медицина сараптама өкілдеріболатынМұндай іс-әрекетті медицина тілінде эксгумация дейді.Дегенменөткен жылдың 2 қыркүйегінде жерленген мәйіттің қайтақазылуынаяғни ислам дінінде өте сирек кездесетін тосын әрекеткебаруға не себеп болды?

 

Бейсенбі, 15 наурыз 2012 7:07

Қытымыр қыстың бет қаратпайтын аязды күндерінің бі­ріндеХлеборобное ауылынан екі шақырымдай жерде орналасқанмұсылмандар зиратына жұртшылық көп жиналдыБұлар – жарықдүниеде 23 жыл ғана ғұмыр кешіптосыннан келген ажал алмасқылыштай қиып түскен Жоламан Есмағамбетовтың мүрдесін ашып,өлікті қазып алуғасөйтіп қайта тексеруге беруге келгентуған-туыстары мен тәуелсіз сот-медицина сараптама өкілдеріболатынМұндай іс-әрекетті медицина тілінде эксгумация дейді.Дегенменөткен жылдың 2 қыркүйегінде жерленген мәйіттің қайтақазылуынаяғни ислам дінінде өте сирек кездесетін тосын әрекеткебаруға не себеп болды?

Бар ғұмырын ауылда өткізіп келе жатқан Ғалым ердің жасы 50-ге жеткенде 10 бала тәрбиелеп отырған келіншегі Күлтан шекесі торсықтай ұл сыйлады. Соңынан іні ергеніне бәрінен бұрын ойын баласы Жоламан қатты қуанды. Ол өзімен тетелес Талғатқа көбірек ұқсауға тырысып, спортқа бейімделіп өсіп келе жатқан. Мектепті бітіргеннен кейін ауылда қалып, бес жылдай еңбек етті. Сосын облыс орталығына келді. Ондағы ойы – жұмысқа орналасу. Талғат өзі жұ­мыс істейтін мамандандырылған күзет са­ласына орналастыруға ниетті болға­ны­мен, әскери өтілсіз қабылдамайтынын айтты.

– Қиналатын түгі жоқ! Жасым 23-те. Міндетімді өзгеге артатындай бала емес­пін. Отан алдындағы азаматтық парызымды өтеп келейін. Сосын бір жөні болар, – деді Жоламан үлкенге тән байсал­дылықпен. Ол інісінің оң-солын танып қалған ширақтығына, сымдай тартылған тұлғасына сүйсініс білдіріп, әскери өмір жайлы біраз әңгіме шертті. Бірақ туған бауырымен соңғы рет сырласып отыр­ғанын сезбеп еді. Күш-қайраты толысқан бозбала медициналық тексеруден ойда­ғыдай өтіп, Қапшағай қаласындағы № 58012 инженерлік-саперлік әскери бө­лім­ге жіберілді. Бұл – 2011 жылдың мамыр айы болатын. Арада 4 ай өтпей жатып жас жауынгердің өлімі туралы қаралы хабар түкпірдегі ауылға жетіп, бір қауым елді күңірентіп кетті.

Талғат «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілер қосынына арнайы келіп, ауыр қайғыдан қан жұтып, көкірегі қарс айрылып отырған әке-шешесінің хатын аманаттады. Онда қыршынынан үзілген жан­ның жұмбақ өлімі, шырылдаған шын­дыққа жету жолындағы бейнет-мехнаттар, әскерилердің адамгершілік қа­лып­қа жат қылықтары, ақиқатқа жасал­ған қиянат-қысастықтар мен заңдылық­ты көпе-көрінеу бұрмалаушылықтар жіп­ке тізгендей етіп баяндалыпты. Батыр ана­ның көз жасын төгіп жазған жанай­қайы адамның төбе құйқасын шымырлатады. Шағым иелерінің айтуынша, өмір­ден түйгені көп, мұрат-мақсаты айқын Жоламан әскери өмірге тез көндігіп кеткен. Әр хабарласқан сайын үні қуаныш­ты естіліп, жағдайының жақсы екенін сездіріп отырған. 30 тамызда телефон соғып, Қазақстан Конституциясы мере­ке­сі күні кезектен тыс ефрейторлық шен берілгенін үлкен мақтанышпен жеткіз­ген. Ал ертеңіне оның тізерлеп отырған күйдегі өлі денесі дәретханадан табыл­ған. Әскери бөлім басшылығы сол күні-ақ сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған деген түйін жасаған. Мұндай байламды мәйітті туған жеріне алып келген аталмыш әскери бөлім командирінің орынбасары Райымбек Халмұратов та қуаттаған. Алайда, нақты дәлелдер келтіріп, себеп-салдарын тарқата алмаған. Бір қызығы, Жоламанның үлгілі жауынгер болғанын жоққа шығармаған. Олай болса, пікір кереғарлығын қалай түсінуге болады? Әскери тергеу орындарының және сот-медицина сараптамасының қорытынды­сы шықпай жатып асығыс, біржақты тұ­жырым алуларына қарағанда жауапкер­ші­ліктен сытылудың, басқаға итере салудың амалы емес пе деген ой келеді. Қорғаныс министрлігіне де Ж.Есма­ғам­бетов өзін-өзі өлімге мәжбүрлеген деген мәлімдеме түсірген. Осыған орай рес­пуб­ликалық ведомоство Солтүстік Қа­зақ­стан облыстық қорғаныс істер жөнін­дегі департаментке істің ақ-қарасын анықтау жөнінде нұсқау берген. Жан-жақты тексеру нәтижесінде марқұмның суицидке бейімділігі еш қолдау таппаған.

– Біздің қолымызға баламыз азамат­тық борышын өтеген әскери бөлімнің командирі қол қойған қызметтік тексеру материалдары тиді. Онда келтірген дә­йектемелердің ешқайсысы сендірмейді. Бәрінен де баламызды біржақты қаралап баққаны жанымызға қатты батты. Жүй­ке-психикалық жағынан ауытқушылыққа бой алдырса, әскер қатарына алыну, қару қоймасының кілтін сеніп тапсыру, түнгі кезекшілікті атқару, озат сарбаз ретінде көтермелеу себептерін қалай түсіндірер екен? Мұның бәрі, айналып келгенде, өздерін арашалау мақсатындағы «қазан­шының еркі бар, қайдан құлақ шығар­саның» кері, – деп жазылыпты хатта. Істің басы-қасында жүрген жауынгерлер аналары комитетінің төрайымы Людмила Костенко Жоламанның өлімі жайлы былай түйіндейді: – Денедегі жарақат белгілері асылып қалған адамдікіне мүл­дем ұқсамайды. Сүйекке түсіп, мәйітті жуғандар бастағы, қолдағы, аяқтағы ауыр жарақаттарды, терінің әлдебір нәрсе­мен күйдірілгенін, өкшенің, қабырғаның сынғанын байқаған. Әбден азаптап, қинап, жантәсілім еткеннен кейін ойдан жасап, қолдан құрастырып «асылып қал­дыға» келтірген.

– Құрсағымда тоғыз ай жатып, көт­ер­ген қарашығымның көкала қойдай етіп тастаған денесін көргенде қалай талып түскенімді білмеймін. Ұлымның сол кей­пін көз алдыма елестетсем, әлі күнге дейін сай-сүйегім сырқырайды,– деп аһ ұрғанда жанын қоярға жер таппайды ға­зиз ана. – Мынандай сұмдықтан кейін көз көріп, құлақ естімеген жағдайға, яғни зиратты қазып, мәйітті алуға бе­кіндік. Алла кешіре гөр деймін! Әске­ри­лер қолмен істегенді мойынмен көтеру­дің орнына әбден әуре-сарсаңға салып, қорлап бітті. Ақиқатқа жеткенше тыным таппаймын енді! Ауыл молдасы іс-әрекетіміздің шариғатқа қайшы келмей­тінін айтып, рұқсатын берді. Әйтпесе, ақ арулап қойған құлынымды орнынан қозғау, аруақтың мазасын кетіру бізге оңай соқты деймісің?

Алғашқы сот-медициналық сарапта­маның қорытындысымен келіспеген мар­құм­ның туыстары эксгумацияға рұқсат алу үшін табандарынан тозып, талай айларды сарп етті. Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасына қайта-қайта арыз­данып жүріп, ақыры дегендеріне жетті. Ол жөнінде мақаламыздың басында айтып өттік.

Ендігі төрелікті тәуелсіз сот-меди­циналық сараптама айтады.

Өмір ЕСҚАЛИ.

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Хлеборобное ауылы.