27 Наурыз, 2012

Құқықтық статистика қуаты

775 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Құқықтық статистика қуаты

Сейсенбі, 27 наурыз 2012 7:35

Ел Президенті Н.Назар­баев­тың 1997 жылдың 22 сәуірі күні шыққан «Қазақстан Республи­ка­сы­ның құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі ша­ра­лар туралы» Жарлығымен сол кез­дегі Мемлекеттік тергеу коми­теті­нің Қылмыстық ақпарат орталығы және Ішкі істер ми­нистр­лігі мен Әділет министр­лі­гінің статисти­ка­лық қызметтері негізінде Бас прокуратура жанынан Құқықтық статистика және арнайы есепке алу орталығы дү­ние­ге келген болатын. Ал 1999 жы­лы бұл орта­лық­қа Бас про­куратураның депар­та­менті мәр­те­бе­сі беріліп, ай­мақ­тар­да­ғы барлық осындай ор­та­лықтар оған тікелей ба­ғынатын болды. Бұл құ­зы­рет аталған жүйеге «Про­куратура туралы» жаңа заңға сай бақылау-қада­ға­лау жұмыстарын өз бетінше дербес ұйымдастыру мүмкіндігін берді.

 

Сейсенбі, 27 наурыз 2012 7:35

Ел Президенті Н.Назар­баев­тың 1997 жылдың 22 сәуірі күні шыққан «Қазақстан Республи­ка­сы­ның құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі ша­ра­лар туралы» Жарлығымен сол кез­дегі Мемлекеттік тергеу коми­теті­нің Қылмыстық ақпарат орталығы және Ішкі істер ми­нистр­лігі мен Әділет министр­лі­гінің статисти­ка­лық қызметтері негізінде Бас прокуратура жанынан Құқықтық статистика және арнайы есепке алу орталығы дү­ние­ге келген болатын. Ал 1999 жы­лы бұл орта­лық­қа Бас про­куратураның депар­та­менті мәр­те­бе­сі беріліп, ай­мақ­тар­да­ғы барлық осындай ор­та­лықтар оған тікелей ба­ғынатын болды. Бұл құ­зы­рет аталған жүйеге «Про­куратура туралы» жаңа заңға сай бақылау-қада­ға­лау жұмыстарын өз бетінше дербес ұйымдастыру мүмкіндігін берді.

Сөйтіп, 2003 жылдың наурыз айында Елбасы Жарлығымен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жө­ніндегі комитеті құрылып, ол Бас прокуратура шегінде құқық­тық статис­тиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жө­нін­дегі мемлекеттік органның қыз­ме­ті мен өкілеттігін жүзеге асыратын болды. Сол жылы жел­тоқ­сан айында «Мемлекеттік құ­қық­тық статистика және арнайы есепке алу туралы» арнайы заң да қабылданды.

Бұл екі құжат өкілетті ор­ган­ның мемлекеттік құқықтық статистика шеңберіндегі мәртебесін, міндеттері мен қызметін заң­ды­лық тұрғысынан анықтап берумен қатар заңдарға сәйкес құ­қық­тық статистиканы жеткізіп отыратын субъектілер тізімін түзіп берді. Мемлекет басшысының құ­қықтық статистика және арнайы есепке алу органын құру жөніндегі ше­шімінің тек тиімді және қажет еке­нін ғана емес, құ­қықтық ста­тис­тикалық мәлі­мет­тердің дер уақыттылығын, то­лық­тығын, шы­найылығы мен анық­тығын қам­та­масыз ету де дұрыс қадам бол­ған­дығы бүгінде дәлелденіп отыр.

Құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың біртұтас про­куратуралық мемлекеттік ор­ган­ның аясында шо­ғырлануының арқасында қысқа мерзім ішінде және ұйымдастыру жағынан көп қиыншылықтар мен бөгесіндерге ұрынбай-ақ мемлекеттік институттар мен жалпы жұртшылықты қоғамдағы қылмыстылықтың шы­найы ахуалы, қылмыстық қудалау органдары мен соттардың іс жүр­гізу қызметінің сандық-сапалық көрсеткіштері және мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерді қор­ғауы мен қолдауы жөніндегі жұ­мыстары туралы барынша толық та шынайы ақпаратпен қамта­ма­сыз ететін сенімді жүйе қалып­тас­тырудың сәті түсті.

Құқықтық статистика қалып­тас­тыратын ақпараттар проку­рор­лық қадағалауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ барлық мем­лекеттік органдар, тіпті еліміздің жоғары басшылығы шешім қа­был­даған кезде де негізгі дерек­көз болып саналатынын жасырмаймыз. Яғни, біздің Комитет мем­лекетті және жұртшылықты жедел де шынайы құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ететін өзіндік бір штабқа айналып отыр. Оған Комиет жұмысының бүгінгі көлемін келтірсек те жеткілікті. Егер 1998 жылы бұл жүйе мемлекеттік ор­гандардың, заңды тұлғалар мен жеке адамдардың 33 мың сұ­рауы­на жауап берсе, өткен 2011 жылы бұл көрсеткіш 20 мил­лион­ның үс­тіне шығып, еліміздің тұр­ғын­дары­ның санынан да асты.

Бұл ауқымды жұмыстарды ат­қаратын 5 ақпараттық жүйе уа­қыт талабына сай компью­тер­лен­дірудің жаңа технологиялық жә­не бағдарламалық құралдары­ның пайда болуына байланысты үнемі жетілдіріліп отырылды. Олар бү­гінде тек ақ­па­рат алып қа­на қой­май­тын, бар­лық пайдаланушылар арыз-ша­ғым­­да­рын акті­лерін жі­бе­ретін, тіркейтін және олар­дың қаралу барысын қада­ға­лап оты­ра алатын әмбе­бап пор­тал­дарға ай­­налған.

Соның арқа­сын­да соңғы жылдары жү­йе­мізге бір­қатар жаңа жоба­лардың енгі­зіл­генінен көп­ші­лік хабардар ғой деп ойлаймын. Мә­селен, қа­зір іш­кі істер органдарында қол­да­ны­ла­тын арыз­дарды есепке алу­дың электронды тіркеу кітап­шасы тәртібіне түбе­гейлі өз­ге­ріс­тер енгізілді. Сөй­тіп, арыз-ша­ғым­дар алдыңғы орынға шы­ғып, олар­дың қаралуы анағұр­лым жақ­сар­ды. Оның нә­ти­жесі анық көрі­ніп тұр. Құқық қорғау саласында арыз түскен мезеттен бергі ал­ғаш­қы 3 күнге ерекше мән бе­рі­­ліп, ол «жеделдік мер­зі­мі» деп аталады. Электронды тір­кеу жаппай енгізілген был­тырғы 2011 жылы жалпы келіп түскен арыз­дар­дың 64 пайызы осы жедел мер­зім ішінде қара­лыпты. Ал мұның ал­дындағы жыл­дары бұл көрсеткіш 50 пайыз ғана болатын.

Осы жоба енгізіліп, арыз-ша­ғымдарды қарау сатылары ашық­тыққа ие болғаннан бері қыл­мыс­тарды тіркеу саны да өсті. Соған сәйкес тіркелген қылмыстар саны еселеп артты. Әсіресе, бұрын дәс­түрлі түрде тіркеуден жасырылып келген қылмыстың ұрлық, тонау, бұзақылық сияқты санат­тарының бүгінгі күні өсіп отыр­ғаны бұл арада көпшілікке түсі­нік­ті шығар деп ойлаймын. Бұл елімізде қыл­мыстың өскенін емес, құқық қор­ғау органдары­ның жұрт­шылық­тың арыз-ша­ғым­­дарын тір­кеу мен тексеруге жауапты қа­рауы­нан болып отыр­ған жәйт екені анық. Сөйтіп, жаңа техно­ло­ги­ялар­дың арқасын­да қылмыс­тарды тір­кеу тәртібін жаңа са­па­лық сатыға көтерудің нәти­же­сінде біз еліміз­дегі қыл­мыс­ты­лықтың шынайы көрінісі­не ие болдық.

Аталған жобаны енгізудің нә­тижесінде «Электронды талон», «Интернет арқылы құқық қорғау органдарына арыз-шағымдар мен хабарламаларды, сондай-ақ басқа да ақпараттарды берудің электронды порталы» сияқты жобаларды жасап, енгізу мүмкін болды.

«Электронды талон» жобасы қылмыстық қудалау органдары қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырып, арыз берушіге нақты уақыт кестесінде өздерінің шағымдарын Интернет, СМС-ха­барлама мен Колл-орталықтар ар­қылы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде 7 мыңға жуық арыз беруші осы қызметті пайдаланған. Сондай-ақ, жеке жә­не заңды тұлғалар талон арқылы өзінің арызының одан арғы жай-күйін, ол жөнінде әкімшілік өн­ді­ріс қозғалды ма немесе қозғал­ма­ды ма деген сияқты қабылданған шешімдер туралы біліп, онымен келіспеген жағдайда одан әрі шағымдана алады.

«Интернет арқылы құқық қор­ғау органдарына арыз-ша­ғым­дар мен хабарламаларды, сондай-ақ бас­қа да ақпараттарды берудің элек­тронды порталы» жобасы элект­рон­ды сандық қолтаңбасы бар аза­маттарға нақты уақыт режімінде Интернет арқылы құ­қық қорғау органдарына қыл­мыс­тар мен оқи­ғалар туралы арыз-шағым беруіне мүмкіндік туғы­за­ды. Әзірше мұн­дай жүйе ішкі істер және қаржы полициясы органдарына енгізілді.

Онда жеке және заңды тұлға­лар­дың берген арыз-шағымы автоматты түрде қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздарды электронды тіркеу кітабына келіп түседі. Бұл оларды жасырып қалу мүмкін емес деген сөз. Оның ерек­шелігі де осында. Бұдан әрі қарай арыз берушілер жеке электронды поштасы немесе СМС-ха­барлама арқылы өздерінің арыз-шағымдары бойынша қабыл­дан­ған шара туралы автоматты түрде ақпарат алады.

Елбасымыз шағын және орта бизнесті дамыту, ол үшін олар­дың жұмысын жан жақты қорғап отыру қажеттігін үнемі айтып келеді. Осыған орай жоғарыда ай­тылған электронды талонның ізімен «Бизнес тірегі» деп аталатын жобаны жүзеге асырдық. Кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу рәсімдерінің ашық­ты­ғын қамтамасыз етуге арналған бұл жоба қазір кәсіпкерлердің шын мәніндегі тірегіне айналып, олардың кең қолдауына ие болды. Оған осы жоба енгізілгеннен бері 5 мыңнан астам кәсіпкердің жүгінгенін айтсақ та жеткілікті деп ойлаймын.

Әр жобаны енгізер алдында оны мұқият зерттеп, бұл жөнінде әлемдік деңгейде не жасалып жатыр деген мақсатпен оны да зерделеп аламыз. Бүгінгі күні елі­міз­дің құқықтық статистикасы жа­ңа технологияларды пайдалану жә­не енгізу жағынан алдыңғы орын­дардың бірінде тұрғанын нық се­нім­мен айта аламын. Оған әлем­нің 40-тан астам елінің прокуратура өкілдері қатысқан өткен жылғы Халық­ара­лық прокурорлар ассоциациясы жи­налысына келген­дер­дің пікірі­нен көзіміз жетті. Олар­дың біразы құқықтық статистика қа­лып­тас­ты­рудағы біз­дің тәжіри­бемізге тәнті болып, айрықша қы­зы­ғу­шы­лық танытты. Олардың ішін­де АҚШ, Ресей, Германия сияқты әлем­дік көш­бас­шы елдер де бар.

Жуырда Ресей Федерация­сы­ның Бас прокуратурасы Құқық­тық статистика басқармасының бастығы Олег Инсаровтан хат алдық. Онда: «Қазір біз Ресей Федерациясы Бас прокурату­ра­сы­ның жүктеген жаңа міндет­терді орындау үшін ұйымдық-техни­ка­лық және нормативтік-құқықтық шаралар кешенін жү­зеге асыруды қол­ға алдық. Бұл шаралардың не­гізіне Қазақстан Республикасы Бас прокура­ту­расының оң тәжіри­белерін алып отырмыз. Сон­дық­тан да сіз­дер­дің ел Президентінің Бас прокуратура жүйесі ішінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет құру жө­ніндегі шешімі үлкен көре­гендік деп білеміз. Ол түп­теп келгенде, қылмыс­тылық­пен кү­рес, заң­дылық пен қоғам­дық қауіпсіз­дікті сақтау, азамат­тар­дың құ­қық­тары мен бостан­дық­тарын қорғау саласында тиім­­ді тетік жасауға жол ашты» – деп жазыпты. Демек, «Сырт көз сыншы» дегендей мәскеулік әріп­тесіміз біз­дің жұ­мы­­сы­мыз­дың мән-маз­мұ­нын дөп басқан деп ой­лаймыз.

Сәуле АЙТПАЕВА, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы.