Аймақтар • 05 Сәуір, 2019

Атырауда сот-сараптама орталығының зертханасы салынады

767 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы тұрғындармен кездесуде Атырау қаласы әкімінің орынбасары мәлімдеді, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Шәкір Кейкин ауыл тұрғындарына қаланың және қала маңындағы ауылдық округтердің даму жоспарларын, сондай-ақ жаңадан салынатын медициналық мекеме – Сот сараптама орталығының зертханасы туралы айтып берді.

Атырауда сот-сараптама орталығының зертханасы салынады

- Сарыөзек кентінде бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарланған, оның ішінде зертханасы бар заманауи медициналық мекеме бар.  Құрылысты аяқтағанға дейін жұмысқа жергілікті тұрғындарды шақыру жоспарланып отыр, ал пайдалануға берілгеннен кейін, медицина қызметкерлерінен басқа, техникалық және қызмет көрсету қызметкерлері жұмысқа қабылданады. Ғимарат барлық санитарлық нормаларға сәйкес салынады,  сондықтан жергілікті тұрғындар үшін алаңдаушылық туғызбайды, - деп түсіндірді Шәкір Кейкин.

Сарыөзек тұрғындарымен кездесуге Сот-сараптама орталығы облыстық филиалының, Атырау облыстық құрылыс басқармасының өкілдері, сондай-ақ нысан құрылысын салумен айналысатын мердігерлік мекеме өкілдері қатысты. Құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Амановтың айтуынша, медициналық мекеменің құрылысы басталды, мердігер - «Гамма С» ЖШС, құрылыстың аяқталу мерзімі – 2019 жылдың соңы.

Өз кезегінде жергілікті тұрғындар автобус қызметі, мектептің, сапалы жолдардың, тротуарлардың, аялдамалардың, көше жарықтарының және ойын алаңдарының жоқтығы туралы айтты.

-Қазіргі уақытта №4 Гагарин атындағы мектепте біздің 355 бала автобуспен қатынап оқып жатыр. Біздің ауылда мектептер салу мәселесін қалай шешуге болады? Сонымен қатар, ауылда балалар бос уақыттарда ойнай алатын бірде-бір орын жоқ, - деді жергілікті тұрғын Жеткіншек Төлегенов.

Әкім орынбасарының айтуынша, жақын арада осы елді мекенде инженерлік коммуникациялар – су құбырларын, жолдар мен тротуарларды төсеу, сондай-ақ, жарықтандыру мен автобус аялдамаларын орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Сарыөзек ықшам ауданында жергілікті тұрғындар облыс орталығына оңай жету үшін автобус қызметін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

- Мектептің құрылысы мәселесі қайшылық тудырады, өйткені нысан ауылдық жердегі қажетті оқушылар мен сыныптар санына сәйкес салынуы керек. Мысалы, егер мектептің стандарты бойынша кемінде 300 орынға арналған болса, онда 600-ге жуық оқушы оқиды – әр ауысымда 300. Сондай-ақ, штаттық кесте бойынша кейбір сыныптарда оқушылар жеткіліксіз болады. Балалардың демалысы туралы айтатын болсақ, биылғы жылы біз балалар алаңдарын жеткілікті түрде салуды жоспарлап отырмыз, бұл елді-мекен де шет қалмайды, - деді Шакір Кейкин.

Сарыөзек ықшам ауданында жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерінде салынған үйлер бар. Жақын жерде екі көгалдандыру қоғамы бар, заңға сәйкес инженерлік коммуникациялар жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелеріне ғана беріледі. Бау-бақша қоғамдықтарының мүшелері ИКИ-ді дербес жүзеге асыруға міндетті.