Жалпы мониторинг барысында қор сарапшылары 1980 түрлі кемшіліктерді анықтаған. Медициналық қызметтерді жеткізушілердің көпшілігінде емдеу-диагностикалық іс-шаралардың стандарттардан негізсіз ауытқуы, науқасты емдеуге арналған ақшалай шығындарды асыра бағалау оқиғалары кездеседі. Сондай-ақ, науқастардың деректерін енгізудің дұрыс еместігі, медициналық көрсетілімдерсіз ауруханаға жатқызылуы туралы деректер бар. Бұдан басқа, «Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу ережесі» нормативтері бойынша басқа да сәйкессіздіктер анықталды.
- Ең бастысы, біз үнемі бақылау арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ететін медициналық ұйымдарды қадағалай аламыз. Өйткені, Қор бірінші кезекте біздің азаматтарымыздың құқықтарын, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген уақыттан бастап сақтандырылған азаматтардың құқықтарын да қорғай алады,-дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.