«Осыларды талдай келгенде 15 адамның өліміне жұмыс берушінің кінәсі бар екендігі, олардың жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны, салғырттығы анықталған, ал 5 жұмысшының ажалы өзінің байқаусыздығынан болған» деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.
Өндірістегі бақытсыз жағдайлардан Қостанай қаласындағы кәсіпорында 6, Әулиекөл ауданында – 3, Алтынсарин және Меңдіғара аудандарында – 1, Федоров пен Жітіқара аудандарында біреуден адам өлімі орын алған.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов залдан өткен жылы үш адам бірдей қайтыс болған оқиға туралы сұрап білді. Кәсіпорынның басшысы жұмыстан кеткен.
«Олай болмайды, бұл жерде оқиға терең талданбаған, зерттелмеген. Үш адам бірдей топырақ астында қалып, ажал құшқан, ол үшін біреуге сөгіс, біреуді жұмыстан шығарған да қойған. Бақытсыз жағдайға не себеп болғаны дұрыстап тергеліп, нақты анықталуы керек. Егер кен орнында немесе өте биікте тұрып жұмыс істегенде орын алатын оқиғаларды түсінуге болар, ал құбыр жүргізу кезінде техникалық қауіпсіздік сақталғанда мұншалықты ауыр жағдай болмас еді. Жұмыс беруші тарапынан болған салғырттық бұл. Ойласып көру керек, мүмкін бұл оқиғаның материалдарын қайта көтеріп, тексерту керек болар. Өндірісте адам өліміне басшының салғырттығы себеп болған жағдайда аямай жазалау керек, адам өмірі бәрінен жоғары екенін ұмытпауымыз керек» деді Архимед Бегежанұлы.
Өндірістік жарақаттар Қостанай, Рудный қалаларындағы, Әулиекөл, Жітіқара, Алтынсарин аудандарындағы кәсіпорындарда көп отрын алған.
Қостанай