29 Наурыз, 2012

Жазадан жалтарғандар жазаланады

242 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жазадан жалтарғандар жазаланады

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:56

Біздің елімізде заңды аттап, қан­дайда болмасын қылмыс жасаған жандар жазалануға тиіс. Бірақ жасарын жасап, сосын айласын асырып қашып құтылып кетіп жатқан қылмыскерлер жүздеп саналады. Оларды ұстайды, қамайды, жазасын тарттырады деген тиісті органдар әлсіздік танытуда. Міне, осы орайда кеше Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төраға­лық етуімен Бас прокуратураның ке­ңейтіл­ген алқа мәжілісі өтті.

 

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:56

Біздің елімізде заңды аттап, қан­дайда болмасын қылмыс жасаған жандар жазалануға тиіс. Бірақ жасарын жасап, сосын айласын асырып қашып құтылып кетіп жатқан қылмыскерлер жүздеп саналады. Оларды ұстайды, қамайды, жазасын тарттырады деген тиісті органдар әлсіздік танытуда. Міне, осы орайда кеше Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төраға­лық етуімен Бас прокуратураның ке­ңейтіл­ген алқа мәжілісі өтті.

Онда айыпталушыларды, тергеу, анықтау және сот органдарынан жасырынып жүргендерді, із-түзсіз жоғал­ған­дарды және сот шешімін орындаудан жалтарып жүргендерді іздеу бойынша жедел-іздестіру қызметі заңдылығының жай-күйі қаралды. Талдау көрсет­кен­дей, 2011 жылы ішкі істер және қаржы полициясы органдары 7311 қылмыс­кер­ді із­деген, олардың ішінде 1558-іне – мем­л­е­кетаралық, 60-ына – халық­ара­лық іздеу жарияланған. Қабылданған шаралар­­дың нәтижесінде 4640 қыл­мыс­кер, олардың ішінде 176-сы шетелден табылған. Сонымен қатар, республика бойынша әлі де 2266 қылмыскер табылмай отыр.

Қаржы полициясы органдарында қыл­мыскерлерді іздеу тиімділігі 12 пай­ызға төмендеген. 405 тұлға табылма­ған, олардың арасында сыбайлас жем­қорлық және лауазымдық қылмыстар жасаған 37, экономикалық қылмыс ж­а­са­ған 352 адам бар көрінеді.

Ішкі істер және қаржы полициясы органдарында жедел бөлімшелер жұ­мы­сына тиісті ведомстволық бақылау­дың жоқтығы жоғарыдағы келеңсіз қа­лып­тасқан жағдайдың негізгі себеп­те­рінің бірі болып табылады. Прокурорлар жедел қызметкерлердің кінәсінен уақтылы іздестіру ісін қозғамаған 334 фактіні ішкі істер органдарынан, 28 фактіні қар­­­жы полициясы органдарынан анықтады.

Талқылау қорытындысы бойынша іздестіру тиімділігін арттыру мақсатын­да уәкілетті органдарға қазіргі заманғы автоматтандырылған ақпараттық жү­йе­лердің мүмкіндіктерін, атап айтқанда, арыздар мен хабарламаларды есепке алудың электронды кітабы мен із-түзсіз жоғалғандар туралы іздестіру істері бойынша ҚСАжЕК арнайы есебінің бірегейлендірілген мәліметтер қо­­рын толығырақ пайдалану ұсыныл­ды. Сонымен қатар, алқа атап көр­сет­кендей, әкімшілік жауапкершілікке тартылып отырған немесе жеке басын куәлан­ды­ратын, жүргізуші куәлігін, мүлік құқы­ғын тіркеу туралы құ­жат­тарды алуға келген кез келген адамды арнайы есептер бойынша тексеру мін­детті болуы тиіс. Осы мақсатта тіркеуші орган­дарға іздестірілуші адамдар туралы мәлімет­тер қорына енуге құқық беру тетіктерін жасау міндеті қойылды.

Сондай-ақ, мәжілісте қамауға алын­ғандарды және бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстық жазаларын өтеп жатқандарды медициналық қамтамасыз ету жағдайы туралы мәселе жан-жақты талқыланды.

Сотталғандар арасында туберку­лез­ді уақтылы тексеру мен диагностика жасауға арнайы аппараттардың болмауы кері әсерін тигізіп отыр. Мысалға, рентген аппараттардың жетіспеушілігі 46 пайызды құрайды. Диагностика жасауды және сотталғандарды мамандан­дырылған мекемелерге жіберуді уақ­ты­лы жүргізбеу салдарынан түзеу меке­мелерінде туберкулезбен ауыру деңгейі азаматтық сектормен салыстырғанда 16 есе жоғары болып отыр.

Сондықтан Ішкі істер министрлігіне сотталғандарды ауру бойынша босатудан бас тартуға себеп болған арнайы медициналық комиссиялардың негізсіз қорытындылар беру фактілерін мұқият тексеру, сондай-ақ дені сау соттал­ған­дарды туберкулезге қарсы мекемелерге негізсіз ауыстырып жіберу оқиға­ла­ры­на түбегейлі баға беру тапсырылды.

Александр ТАСБОЛАТОВ.