05 Сәуір, 2012

Қылмыскерлер құтылмайды

573 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Қылмыскерлер құтылмайды

Бейсенбі, 5 сәуір 2012 8:03

Қай мемлекетте болмасын заң­ды қасақана бұзған адам қыл­мыс­кер болып табылады. Ол жаза­ла­нуға тиіс. Ал мұндайда қыл­мыс­тық іс жүргізудің негізі – қыл­мыс­ты ашу және оны жасаған адамды қылмыстық жауап­кер­ші­лікке тарту. Сондықтан, жасырынып жүрген қылмыскерлерді із­деу құқық қорғау органдары қыз­метінің басым бағыты десек, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану мәселе­лері прокуратура органдарының құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдірудегі басты бағыт­тары­ның бірі болып табылады.  Міне, осыған орай кеше Бас прокуратурада брифинг болды.

 

Бейсенбі, 5 сәуір 2012 8:03

Қай мемлекетте болмасын заң­ды қасақана бұзған адам қыл­мыс­кер болып табылады. Ол жаза­ла­нуға тиіс. Ал мұндайда қыл­мыс­тық іс жүргізудің негізі – қыл­мыс­ты ашу және оны жасаған адамды қылмыстық жауап­кер­ші­лікке тарту. Сондықтан, жасырынып жүрген қылмыскерлерді із­деу құқық қорғау органдары қыз­метінің басым бағыты десек, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану мәселе­лері прокуратура органдарының құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдірудегі басты бағыт­тары­ның бірі болып табылады.  Міне, осыған орай кеше Бас прокуратурада брифинг болды.

Онда сөз алған Бас про­ку­ра­тураның ресми өкілі  Нұрдәулет Сүйіндіков бұрын біз интернет не ұялы байланыс арқылы тексе­ру­дің тіркелгені туралы ақпаратты кәсіпкердің алуына, тексеруші­лер мен тексерілушілердің негізгі құқықтары мен міндеттемелері туралы жадынамамен танысуына, сондай-ақ тексерістің өткізілуіне байланысты заң бұзылушы­лық­тар жөнінде дереу хабарлауына мүмкіндік беретін «Бизнес тіре­гі» жобасының жіберілгені мен іске асырылғаны және «Шектеу» бірыңғай деректер банкін құру туралы да халыққа хабарлаған болатынбыз, деді.

Деректер банкіне әкімшілік айыппұлдарын төлеу жөніндегі міндеттемелерін  қасақана  орындамайтын тұлғалар түседі. Кейін­нен бұл азаматтарға мемле­кеттік қызмет көрсетуден бас тартылатын болады. Мысалы, адам өзіне қажетті анықтаманы, лицензияны ала алмайды немесе шекарадан өте алмайды. Ресми өкіл бұл орайда қылмыскерлерді және хабар-ошарсыз жоғалып кеткен азаматтарды іздеудің тиімділігін бү­гінгі инновациялық жоба айтар­лықтай арттыратындығын айтып өтті.

Мәселен, үстіміздегі жылғы 2 сәуірден бастап Бас прокура­ту­ра­ның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу коми­тетінің сайтына (www.pravstat.prokuror.kz) іздеу салынған қыл­мыскерлер мен хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар туралы мәліметтерді алуға рұқсат етіліп отыр. Адам­ның іздеуде жүргені туралы ақ­па­ратты Интернеттің кез келген пайдаланушысы ала алады. Бұл үшін «Адамдарға іздеу салу туралы ақпарат» сайты бөлігіне тек­се­рілетін адам­ның тегін, аты-жө­нін, туылған күнін енгізу қажет.

Тексеру нәтижелері бойынша нақты уақыт бойынша тек Қазақ­станның құқық қорғау органдары іздеу салған адамдар туралы ғана емес, сонымен бірге ТМД-ға қа­ты­сушы елдер органдары мемле­кет­аралық іздеуге берген адамдар жөнінде де мәліметтер беріледі. Егер адам іздеуде жүрсе, онда іздеу салуды кімнің және қандай органның жүзеге асыратыны, із­деу салуды жүргізетін органның кезекшілік бөлімінің телефон нө­мірлері туралы деректер көрінеді.  Осы мәліметтерді ала отырып, азаматтар іздестірілетін адамдар­дың тұрған жерін анықтау жө­нінде құқық қорғау органдарына жәрдемдесіп қана қоймайды, сонымен бірге, бұл олардың өз­дерін криминалды элементтермен байланыс жасаудан қорғауға мүм­кіндік береді.

Бас прокуратураның құқық­тық статистика және арнайы есеп­­ке алу комитеті төрағасының орынбасары С.Нұрлыбай 2007 жылдан бастап Комитеттің есепке алу мәліметтері Әділет ми­нистр­лігінің «Жеке тұлғалар» мемле­кет­тік деректер қорына жүктелді, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға «Ақпараттық қызмет» автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы Комитеттің деректер банкіне қолжетімділік ұсы­ныл­ды. Комитет сайтындағы мә­лі­меттерге ашық қолжетім­ділік­тің ұсынылуын біз алғаш рет орын­дап отырмыз және осылайша іздестіру қызметіне тек мем­лекеттік органдарды ғана емес, жеке ұйымдар мен халықты тартуды көздеп отырмыз, деді.

Өткен жылы прокуратура органдары іздеудегі қылмыс­кер­лер­дің мемлекеттік органдар қыз­метін кедергісіз пайдаланғаны­ның және азаматтық-құқықтық шарттарды ресімдегенінің  315 оқи­ғасын анықтады. Іздеудегі қыл­мыскерлердің соттылығы туралы анықтаманы алу кезінде ұс­талу деректері де болған. Мәсе­лен, 2010-2010 жылдары Талды­қорған қаласының халыққа қыз­мет көрсету орталығына Ильиных және Қыдырбай соттылық­тың болмауы немесе болуы туралы анықтаманы беру туралы өті­нішпен жүгінген. Арнайы есепке алу бойынша тексеру барысында Комитеттің Алматы облысы бойынша басқармасы Ильиныхқа Ресей Федерациясы Новосібір облысы Ленин АІІБ есірткі  заттарын  заңсыз сақтағаны, тасымалдап, дайындағаны үшін (РФ ҚК 228-бабы 3-бөлігі) іздеу салға­нын, ал алаяқтық жасағаны үшін Қыдырбайға Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам АІІБ іздеу сал­ған. Осылайша Бас прокуратура мен ішкі істер органдары қыз­мет­керлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында көрсе­тіл­ген қылмыскерлер соттылық туралы анықтамаларды алу кезін­де қолға түсті.

Алайда, ХҚО қызметкерлері азаматтарды мемлекеттік қыз­мет­ті алуға құжаттарын берген кезде тексерсе және тиісті органдарға оларды ұстау үшін уақытылы хабарласа оларды ұстау деректері неғұрлым көп болар еді, себебі ХҚО жүгінген жеке іздеудегі адамдар анықтаманы алуға кел­ме­гендіктен, әлі ұсталған жоқ. Мұндай деректерді болдырмау үшін Бас прокуратура халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік органдарға және ұйымдарға, пошта, сақтандыру ұйымдарына, банктерге, ұялы байланыс ұйым­дарына, нотариустарға және бас­қаларына Комитеттің ақпараттық жүйелерінде қалыптасатын іздес­тіруді есепке алу мәліметтерін пайдалану бойынша  шараларды қабылдауда.

Азаматтық келісім жасаған адам пәтер сатып алушы не келі­сім бойынша жалға қабыл­дау­шы­ны, яғни бала бағушы, үй ісіне көмектесуші ретінде және т.б. қа­былдаған адамын Комитеттің сай­тында тексере алады және оның іздеуде жүргенін анық­таған жағ­дайда тиісті ішкі істер немесе қар­жы полициясы органына хабар­лай алады. Мәселен, 08.01.1971 ж.т. Гасанов Бегәли Кашалиевич деген адамды тексеріп көрейік. Міне, сайтта оның алаяқтық жа­са­ғаны үшін (ҚР ҚК 177-бабы) Алматы қ. Бостандық АІІБ-ның оған іздеу салғаны туралы ақ­парат бар. Сол сияқты 1996 жылы туған Широкова Елена Анатольевнаны тексерген кезде оның хабар-ошарсыз жоғалуы бойынша іздеуде екендігі туралы ақ­парат аламыз. Сондай-ақ, 1959 жылы туған азамат Игнатенко Александр Николаевичті тексерген кезде, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін (РФ ҚК 290-бабы бойынша) оған Ресей­дің ФҚҚ іздеу салғаны туралы білеміз, деді С. Нұрлыбай.

Аталған брифингте ресми өкіл Н. Сү­йіндіков Ақтау қала­сын­да өтіп жатқан сот отырысына байланысты да өз ойын біл­дірді. Ол жәбірленгендер өздері­нің же­ке мүліктеріне ғана қатыс­ты талаптарынан бас тартуда және бұл негізгі айыпты құрай­тын мәліметтерге тиісті емес, деді.

Сонымен қатар, олардың бірде-бірі жаппай тәртіпсіздік кезінде мүліктеріне зиян келгенін жасырмайды.

Жаппай тәртіпсіздікке (ҚК 241-бап) байланысты іс жәбірленушілердің (ҚІК 32-бап) арыздарынан тыс қозғалып отыр. Демек, Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікке байланысты іс дүние-мүлкі бүлінген жәбірленген кәсіпкерлер тарапынан емес, керісінше орын алған қылмыстың қоғамдық қауіп­тілігіне байланысты қозғалып отыр. Осыған байланысты бірқатар жә­бір­ленгендердің сотталушыларға қа­тыс­ты мүліктік талаптарынан бас тартуынан қылмыстық іс тоқтатылмайды.

Әрине, жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген дүние-мүліктердің орнын толтыру мақсатында мемлекет жәбір­лен­гендерге көмек көрсетеді. Ол үшін түрлі тетіктер мен қайнар көздер пайдаланылуда. Мәселен, кәсіпкерлерге же­ңіл­детілген несие беру немесе демеу­шілер арқылы материалдық көмек көр­сету. Басқа да жағдайлар бойынша мемлекеттен тікелей қаржыландыру қарас­тырылуда.

Бірақ, заң бойынша шығын оны келтірген адам есебінен өтелуі тиіс. Демек, нақты жағдайда әңгіме жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар мен оған қатысушылар болып табылғандар, яғни  сотталушылар туралы болып отыр.

Қылмыстық іс аясында өздерінің мүліктік талаптарынан бас тарта отырып жәбірленгендер азаматтық іс өн­дірісіне ұқсас талаптарын беру құқы­нан айырылады. Яғни, нақты айтқанда, аталған жәбірленгендер өздерінің шы­ғындарына кінәлілерден заң бойынша белгіленген шаралар арқылы шығынды  өтеткізуден бас тартып отыр.

Бұл жағдайда мемлекет заңды жолмен шығындарын қайтарудан бас тартып отырғандарды қолдап, шығынды өтеудің басқа жолын қарастыруы тиіс пе деген сұрақ туады.

Ал маған әзірге белгілісі бірқатар  жәбірленгендердің өздерінің азаматтық талап арыздарынан бас тартуы туралы дерекке байланысты сот әлі тиісті про­цессуалдық шешім қабылдаған жоқ. Сондықтан  да талап арыздан бас тарту­дың соңы туралы соттың заңды түсін­дірулерінен кейін бірқатар жәбір­лен­гендер өздерінің пікірлерін өзгертуі де мүмкін, дейді Н. Сүйіндіков.

Жалпы сот отырысы ашық өтуде. Оған қатысуға шектеу жоқ. Сот төрелігі өтіп жатқан залда, басқа да сот отырысы тікелей көрсетіліп жатқан залдарда мүдделі адамдар, БАҚ өкілдері, халық­аралық сарапшылар қатысуда.

Суретке түсіру, бейне және дауыс жазуға тоқтау салынғаны сот аяқ­талуын қалыпты жүргізу үшін шы­ғар­ған сот шешімі болып табылады. Атал­ған аппаратуралар дыбыстық кедергі келтіріп, процеске қатысушылардың назарын бөледі. Оның үстіне бұл түсі­рілімді толықтай теледидардан немесе радиодан беретіндігіне және одан толық және шынайы ақпаратты алуға процеске қатысушылардың күмәні бар.

Суретке түсіру, бейне, дауыс жазу сотқа қысым көрсету мүмкіндігін жояды. Демек, біздің ойымызша, суретке түсіру, дауыс, бейне жазуға тыйым салу сот тарапынан дұрыс қабылданған ше­шім және істі ашық, жан-жақты, шынайы қарау тұрғысына сай келеді. Соттың қабылдаған шешімі тек біздің қылмыстық-процессуалдық заңымыз­ға ғана емес, сондай-ақ демократиялық елдердің тәжірибесінде қолданылатын халықаралық-құқықтық нормалар талаптарына түгелдей сай келеді.

Халықаралық тәжірибеге сай көп­теген дамыған демократиялық елдерде соттарда суретке, бейне, дауыс жазуға       тыйым салынған. Және мұндай шешім  шынайы ақпаратқа қол жеткізуде аза­мат­тың құқын бұзған болып табылмайды. Мұндай тәжірибе Ұлыбри­тания, АҚШ, Австрия, Италия, Франция, Түр­кия, Польша және т.б. елдерде бар­шы­лық. Мәселен, 1925 жылы Ұлы­бри­танияда британдық соттарда суретке түсіруге тыйым салынса, кейін бейне­жазбаға да шектеу қойылды.

Қазіргі уақытта Ұлыбритания билігі БАҚ өкілдері үшін бейне жазу мен суретке түсіруге рұқсатты тек азаматтық істерге ғана беруді қарастыруда. Оның үстіне тыйым  толықтай алынып тасталмайды. Қатысушылар сот төрелі­гінің қоры­тын­ды­с­ы мен нақты үкімнің жариялануын ғана көре алады. Яғни, онда айыптаушылар мен қорғаушылар сөзін және куәлерден жа­уап алуды жария етуге тыйым салынады.

АҚШ-та федералдық соттардағы қылмыстық іс бойынша сот төрелігін көрсету немесе суретке түсіруге тыйым салын­ған. Сондай-ақ, АҚШ-тың аймақ­тық соттарында да, мейлі азаматтық немесе қылмыстық іс болсын, сот төре­лігін жазуға да көрсетуге де болмайды.

АҚШ та Ұлыбританиядағы секілді азаматтық іс бойынша ғана бейне жазуды жүргізуге арналған қанатқақты жоба жү­зе­ге асқан. БАҚ-қа залдағы камераға қар­сылық танытуға толықтай құқы бар сот отырысындағы қос тараптың келі­сімі ар­қы­лы судьяның жеке қарауы бойынша ғана рұқсат етіледі. БАҚ-қа рұқсат беру­дің мұндай тәртібі Италияда да бар. Сон­дай-ақ, Австрияда сот залына мүдделі жан­дар­дың бәрі жіберіледі, бірақ сот төрелігі кезінде  бейне, дауыс жазуға, су­рет­­ке түсі­ру­ге жол беріл­мей­ді. Мұндай амал Түркия мен Қытайда да бар, дейді Н.Сүйіндіков.

Александр ТАСБОЛАТОВ.