14 Сәуір, 2012

Білікті мамандар іріктеледі

293 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Білікті мамандар іріктеледі

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:39

Еліміз Конституциясында әр адамның жеке басының бос­тан­ды­ғына құқы бар және адам­ның қадір-қасиетіне қол сұғыл­майды, деп атап көрсетілген. Демек, осы міндеттерді бас­шы­лық­қа ұстауға тиісті құқық қор­ғау органдарының қатарын кә­сі­би білікті, адам құқы­ғы мен заңды мүдделерін жоғары дең­гейде қорғауға лайықты мамандармен толықтыру аса қажет.

 

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:39

Еліміз Конституциясында әр адамның жеке басының бос­тан­ды­ғына құқы бар және адам­ның қадір-қасиетіне қол сұғыл­майды, деп атап көрсетілген. Демек, осы міндеттерді бас­шы­лық­қа ұстауға тиісті құқық қор­ғау органдарының қатарын кә­сі­би білікті, адам құқы­ғы мен заңды мүдделерін жоғары дең­гейде қорғауға лайықты мамандармен толықтыру аса қажет.

Елбасының «Қазақстан Рес­пуб­ликасы құқық қорғау орган­дары­ның қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу» туралы Жар­лы­ғы­нан кейін сала маман­дары­ның жауап­кершілігі одан әрі күшейетіні айтпаса да түсінікті. Облыстық ішкі істер департаменті құрамындағы 4000-ға жуық қыз­мет­кер жоға­ры­дағы талаппен аттестациядан өткі­зі­ле­ді. Осы мәсе­леге байла­ныс­ты қа­зір­гі кезде ұй­ым­дас­ты­ру жұмыс­та­ры басталды. Әри­не, аттестациялау ке­зін­де құ­қық қорғау қызметкер­лері­нің кәсі­би да­йындығы мен бү­гінгі өскелең талап­тарға сәйкестігі ал­дың­ғы ор­ынға шығады. Осы­лай­ша жо­ғары кәсіп­тік, азаматтық, мо­раль­дық-пси­холо­гиялық қа­сиет­тер­ге ба­сым­­дық бері­ліп, жалпы мәде­ниет, қыз­мет­тік борышын орын­дау­ға сан­алы­лықпен қарау, елжанды­лық дең­гейін көтеру мәселелері де басты назарда болатынын айтқан жөн. Қыз­мет кезінде жемқорлық әре­кет­тер­ден аулақ болу шарт. Осын­дай талаптардан шыға алмағандардан тазарту аттестация кезінде басшы­лыққа алынбақшы.

Департаментте көп жыл қызмет атқарған аға буын өкілдерінен құ­ралған ардагерлер алқасы жұмыс істейді. Тәжірибе жинақтаған, са­ла­ның ыстығы мен суығына төзген жан­дардың жастарға берер ақыл-кеңестері мол. Өзім облыстық ішкі істер департаментінің тергеу са­ла­сы бойынша жедел іздестіру лауа­зы­мын­да көп жыл қызмет атқар­дым. 1987 жылы зейнет дема­лы­сы­на шық­тым. Содан бергі кезеңде әріптес ардагерлермен бірге қиын­дығы жетіп, артылатын құқық қор­ғау қызметкер­ле­рінің өз жұмысын адал, кәсіби дең­гейде атқаруына ағалық ақыл-ке­ңес беріп, жиі бас қосып отырамыз.

Бүгінгі күні департаментте 500-ге жуық жас полиция қызметкер­ле­рі жұмысқа кіріскен. Олардың теория жүзінде алған білімдерін тәжі­ри­бемен ұштастыруына, білмеген­дерін үйретуге ұжымдағы өз ісін жетік білетін қызметкерлерден тә­лім­герлер бөлінген. Осылайша олар­­дың тапсырылған жұмысқа де­ген жауапкершілігін арттыру бас­ты назарға алынған. Нәтижесінде соң­ғы кездері жетісулықтар тара­пынан сала қызметкерлеріне деген реніш азайып, қылмысты ашу деңгейі көтерілді.

Адам құқығын қорғау – абы­ройлы міндет. Демек, егемен елі­міз­дің әр күнінің тыныш, азамат­тар­дың заңды мүдделерінің қор­ғалуы үшін полиция қызметкері ерекше белсенділікпен тәртіпті орнық­тыруға күш салады. Ал аттестация қызметкердің жауапкершілігін одан әрі арттыруға негіз болады деп ойлаймын.

Болат ҚОЖАҚОВ, Алматы облыстық ішкі істер департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полковник.

ТАЛДЫҚОРҒАН.