Спорт • 08 Сәуір, 2019

Дзюдо: Италиядан үш жүлдемен оралдық

1171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Линьяно қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогы жолындағы жарыс өз мәресіне жетті. Бұл сапардан Қазақстанның қыздар құрамасы үш жүлдемен оралды.

Дзюдо: Италиядан үш жүлдемен оралдық

48 кило салмақта белдескен қос сұлумыз да ақтық сынға дейін алқынбай жетті. Ғалия Тынбаева Ресейдің екі және Венгрияның бір спортшысын ұтса, Ақмарал Науатбек Ұлыбритания, Австрия және Германия балуандарынан басым түсті. Қос қазақ қызының өзара тартысы алғашқысының пайдасына шешілді. Осылайша, Ғалия алтын алса, Ақмарал күміс медальді мойнына ілді.

70 кило салмақта белдеске Мөлдір Нарынова қола жүлдені иеленді. Алғашқы айналымдарда Бельгия мен Италия өкілеріне сан соқтырған ол үшінші франциялық дзюдошыға есе жіберді. Одан кейінгі бәсекелерде Мөлдір өзінің командалық әріптесі Аяла Мереке және Словения мен Швейцария балуандарына шаң қаптырды.

Қыздар арасындағы жарыстың жеңімпаздары: 48 кило – Ғалия Тынбаева (Қазақстан), 52 кило – Мартина Кастагнола (Италия), 57 кило – Силвия Пелитерри (Италия), 63 кило – Лия Людвик (Словения), 70 кило – Лара Клиба (Хорватия), 78 кило – Рена ван Нарсеелар (Голландия) және +100 кило – Лия Фонтайин (Франция).   




Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30