Спорт • 08 Сәуір, 2019

БАҚ өкілдері арасында Диас Омаровтың жүлдесі үшін жарыс өтті

1084 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Диас Омаровтың жүлдесі үшін жарыс өтті.

БАҚ өкілдері арасында Диас Омаровтың жүлдесі үшін жарыс өтті

Диас Ілиясұлы – еліміздің танымал футболшысы, журналист, комментатор. 1959-1964 жылдар аралығында ол Алматының «Қайрат» клубы сапында өнер көрсетті. Кейіннен өмірін спорт журналистикасына арнады. Көптеген газет- журналдарда мақалалары жарық көріп, республикалық телеарналарда комменторлық қызметтер атқарды.

Айтулы жарыс қарсаңында «Қайрат» спорт-пабында Диас Омаров, Валерий Малыгин және демеушілердің қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Ал алаңда 12 команда бақ сынады. Олардың арасында «QAZSPORT», «QAZAQSTAN», «ALMATY», «ABC TV», «Сетанта» теле арналары, «Tengrinews.kz», «Nur.kz», «365 info», «Prosports.kz», «Наш футбол», «Жастар» ақпараттық сайттары және басқа да БАҚ өкілдерінен жасақталған командалар бар.

Осы турнирде «Наш футбол» командасы топ жарды. Финалда олар «Неделя Спорта» ұжымын ұтты. Ал қола медальді «Жастар» клубы иеленді.