Руханият • 08 Сәуір, 2019

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы ашылды

924 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы ашылды.

Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов қатысты.

Облыс әкімі бұл көшпелі көрменің еліміздің өмірінде алатын орнына айрықша тоқталды.

- Арғы-бергі тарихына қысқаша көз жүгіртсек, Сыр өңірі - көне кезеңнен бері сақтардың ордасы, бертін келе оғыз-қыпшақ бірлестіктерінің орталығы, Алтын Орда мен Ақ Орда хандарының туын тіккен қасиетті топырақ. 1925 жылы Қазақ Республикасының алғашқы астанасы болып, ұлтымыздың тарихи қазақ атауы қайтарылды. Сондықтан, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің өңірді «Сыр - Алаштың анасы» деп атағаны баршамызға белгілі. Тұңғыш сөзінің мәні терең. Джордж Вашингтон, Кемал Ататүрік, Махатма Ганди секілді тұғырлы тұлғалардың қатарында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі жұлдыздай жарқырап тұруы бізге мақтаныш сезімін ұялатады, - деді ол.

Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жобасы Қызылорда облысында 2019 жылдың маусымның ортасына дейін жалғасады.


Қызылорда облысы