20 Сәуір, 2012

Әкім ұсталды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкім ұсталды

Жұма, 20 сәуір 2012 7:32

Облыс бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне А. деген азамат келіп Байзақ ауданы, Қызылжұлдыз ауылдық округінің әкімі Шоңовтың 500 АҚШ доллары көлемінде ақша талап еткені жөнінде шағымданды. Шағым бойынша күдіктіні бақылауға алған қаржы полициясы қызметкерлері сол күні ауыл әкімі Шоңовтың шын мәнінде А. деген азаматтан 200 АҚШ долларын алғанын дәлелдейтін дәйектерді бейнежазбаға түсірді.

«Дәніккеннен құныққан жаман» деген парақор әкім қалған 300 АҚШ долларын келесі күні тура әкімшілік үйінің қасында қалтасына басып жатқанда қолға түсіп, қамауға алынды. Енді ол кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер телімін сұраған қарапайым азаматтан пара талап еткені үшін жауап береді.

Әмір ӘЛІМХОДЖАЕВ, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы.

Жамбыл облысы.