Мәдениет және спорт министрлігінің
жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен
өтетін Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатында Қазақстан, Ресей, Қытай,
Венгрия, Монғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Қырғызстанның
жастар командалары бақ сынайды.
Чемпионаттың бас төрешісі – ҚР Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік бас
жаттықтырушы Қуанышбек Құрамаев. Сондай-ақ, көкпарға – Нұрдәулет Момынов,
аударыспаққа – Жанысбек Саев, теңге ілуге – Рамазан Махатов, жамбы атуға –
Елдос Бадашев бас төреші ретінде бекітілді.
Алдын ала бекітілген бағдарламаға
сәйкес жылдың атаулы шарасы 6 күнге созылады. Сол күндері көкпар, аударыспақ,
теңге ілу және жамбы ату спортынан түрлі-түсті жүлделер сарапқа салынады.Ал
Азия чемпионаттың жалпы жүлде қоры 16 000 000 теңгеге жуық қаржыны құрайды.
Айта кетейік, Жастар жылы қарсаңында
өтетін бәсекеге
Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) де қолдау білдіріп отыр. Чемпионаттың
Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.