Үшінші кездесуде жерлестеріміз Латвияға қарсы ойнады. Кездесудің 3-минутында Лева Петерсон есеп ашса, 11-минутта Мәлика Алдабергенова таразы басын теңестірді. Бұл есеп ұзаққа дейін сақталды. Екінші және үшінші кезеңдерде көрермендер бірде-бір соғылған голды көре алған жоқ. Ал қосымша уақытта Балтық жағалауынан келген қыздардың бағы жанды. 66-минутта Анна Кублина нысананы дәл көздеп, өз командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, жерлестеріміз қатарынан үшінші бәсекеде жеңілістің кермек дәмін татты. Бұған дейін біздің қыздар Польша (3:5) және Голландия (1:3) құрамаларына есе жіберген еді.