24 Сәуір, 2012

Сенім сынағы

244 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сенім сынағы

Сейсенбі, 24 сәуір 2012 7:14

Елбасы Н.Назарбаевтың хал­қымызға арнайтын жыл сай­ын­ғы Жолдаулары тәуелсіз Қа­зақ­стан дамуының стратегиялық мін­деттерін нақты жүзеге асы­рудың кепілді кілтіне айналып отырғанын өмірдің өзі айқын дәлелдеуде. Бұл елімізде жүзе­ге асырылып жатқан ұлан­-ға­йыр өзгерістердің барлығы ал­дын ала терең сараланып тал­дан­­ға­нын, оны іске асырудың мықты негіздері қаланғанын көр­сетеді. Президенттің «Қа­зақ­стан Рес­публикасы құқық қорғау ор­ган­дарының қызмет­кер­лерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» би­ыл­ғы 8 сәуірдегі Жар­лығы да 2012 жылғы «Әле­у­меттік-эко­но­ми­калық жаңғырту – Қа­зақ­стан дамуының басты ба­ғыты» аталған Жолдау талап­тарынан туындаған маңызды қадам деп білеміз.

Аттестаттау – сенім сына­ғы. Тереңірек бойласақ, қоғам­ның іргетасын нықтайтын тұт­қа­лар­дың беріктігі мен заман үде­рі­сіндегі міндеттерді игілікке ай­налдырудағы қабілет-қарым­ның мінсіздігін орнық­тыру бо­лып табылады. Ал құ­қық қор­ғау ор­гандары мемлекеттік мүд­де­лер­дің іске асы­рылуын жүзеге асы­рушы жан­ды құрылым. Сон­дықтан, оған қоғамның, адам­ның биік сенімін арқалау жауапкершілігі жүктелген. Өйткені, халық өзі­нің күнделікті тіршілігінде осы құрылымдар арқылы мемлекет пен билік қаты­на­сын­дағы әле­ует пен жанашыр­лық­ты елестетеді. Мемлекеттік құ­ры­лыс­тың күрделі кезеңінде оларға деген талап пен сұраныс өсе түспек. Осы тұрғыдан ал­ған­да, Елбасы Жарлығы халық та­рапынан аса қажетті шара ретінде қабыл­данды.

Жарлықта атап көрсетіл­ге­нін­дей, біздің елімізде бақы­лаудың көп деңгейлі жүйесін оның барлық кезеңінде көз­дей­тін іс-шара бірінші рет өткі­зі­луде. Бұл шешуші қадамдарға бару қажеттігін алға тартатын жағдай. Ақмола облысында 3 мыңнан астам полиция қыз­мет­кері жұмыс істейді. Бұл ай­бын­ды сапта қиналғанда тіреніш, жан дүниеңе демеу болар азаматтар жеткілікті. Дегенмен, сан­ның сапаға айналуын көз­дей­тін заманның көзімен қара­ған­да, оның ішінде талғамнан төмен түсіп жататындардың бар­­лығы жасырын емес. Елге берген антынан адасып, абы­ройын төккендер де кездеседі. Үнемі халықтың ортасында жү­ретін құқық қорғау саласы­ның өкілі ең алдымен Қазақ­стан заңна­ма­ларын жетік білуі тиіс. Иық­та­ғы погон адалдық­ты, әділдікті, тәртіпті, психо­логиялық сал­қын­қандылықты міндеттейді. Қарапайым адамгершілік қа­ғи­даттарын сақта­мау адам құқық­тарын шектеуге алып келеді. Оны мемлекеттік билік орган­да­рына, «Нұр Отан» ХДП об­лыстық фи­лиалына түсіп жат­қан сан алуан өтініш-шағымдар мазмұны ай­қын аңғартады.

Қазіргі офицер кадр­ла­рдың жауапкершілігі артты­ры­луы керек. Олар жұмыстың ескі әдісінен арылып, халыққа, қызметтік тұрғыдағы адам­дарға жақындай түсуі тиіс. Өркөкірек басшыға ешкім де сырын ашып, одан жақсылық күтпейтіні анық.

Ғалым ШОЙКИН, «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар