Қоғам • 10 Сәуір, 2019

Бақылауды күшейту – басты міндет

847 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды жеткізуде іркілістердің алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.

Бақылауды күшейту – басты міндет

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өт­кен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің тө­рағасы Людмила Бюрабекова және «СҚ-Фармация» ЖШС төрағасының міндетін ат­қарушы Берік Шәріп хабарлады.

«Бір жыл бұрын тегін дәрі-дәрмектерді жеткізудегі іркіліс­тер туралы көптеген шағым­ның аясында, сонымен қоса сатып алу уақытында жүргізілген дәрі­лерге де, 2018 жылдың на­урыз-сәуір айларында министрлік тексеру жүргізу үшін өңірлерде мониторингтік топтар құру туралы шешім қабылдады» деді Л.Бюрабекова. 

«Елдің 11 өңірінде 2016- 2017 жылдардағы дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қалдықтарының жалпы сомасы 4,3 млрд теңге. Бас прокуратураның тексеру қоры­тындысы бойынша өңір­лерде бүгінде 20-дан астам қыл­мыс­тық іс қозғалды. 2018 жылы Қазақстанның 70 медициналық мекемесінде психиа­т­риялық, онкологиялық ауру­­лармен, АИТВ/ЖИТС және тубер­кулезбен ауыратын науқас­тарға дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды және науқастардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуін талдау мониторингі жүр­гізілді» деді Л.Бюрабекова. 

Мониторинг нәтижесі бо­йынша қажеттіліктің дұрыс қалып­­таспауы, науқастардың дәрі­лік заттармен толық көлем­де және тұрақты емес қам­та­м­асыз етілуі, дәрілік зат­тар­­ды тиімсіз пайдалану және науқастарды тұтыну нормасынан тыс препараттармен қамтамасыз ету, берілген ре­цептілер туралы жазбалардың болмауы, ме­ди­циналық ұйым­дар­дың дәрі­лік формулярына дәлел­ден­ген клиникалық тиім­ділігі жоқ пре­параттарды енгізу, бекі­тілген шекті ба­ғадан асатын баға бойынша дәрілік препараттарды өз бе­тінше сатып алу фактілерін анықтағанын, тегін дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз етуге жататын диспансерлік науқас­тардың тіркелімінде болмауы, жазылған рецептілердің ақпа­раттық жүйеде және науқастың амбулаториялық картасында дәрілік заттардың саны бо­йынша сәйкес келмеуін айтты. Сонымен қатар мониторингтің барлық материалдары шара­лар қабылдау үшін Бас прокурат­у­раға берілгенін тілге тиек етті.

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мониторингі үшін компанияда кері байланыс құралдары пайдаланылатынын айтты. Байланыс орталығының жұмысы барысында азаматтардан 10 мың өтініш келіп түсті, оның 5 мыңы – 2019 жылдың 1 тоқсаны бо­йынша» деді Б.Шәріп.