Спорт • 10 Сәуір, 2019

Алматыда этноспорт форумы өтеді

902 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-21 сәуір күндері Алматыдағы «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» ІІ Халықаралық этноспорт форумы өтеді.

Алматыда этноспорт форумы өтеді

Алматы қаласы әкімдігі қолдауы және Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырған айтулы шараға әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен 150-ден астам этноспорт делегациялары, атап айтсақ бірқатар мемлекеттің спорт министрлігінің басшылары, ұлттық спорт саласының мамандары, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушылар мен төрешілер, спортшылар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде.

Форумда дәстүрлі ойындар мен спорттарды әлемде дамыту, Қазақстанда өтетін І Бүкіләлемдік этноспорт ойындарын өткізу, Түркияда 2020 жылы алауы тұтанатын IV Дүниежүзілік көшпенділер ойынын жетілдірудің жолдары және басқа да әлемдік этноспорт саласының өзекті мәселелері талқыланады.

Сөз орайы келгенде, аталмыш шараның өтуіне Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) де қолдау білдіріп отыр. Ал, халықаралық шараның Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.