Спорт • 10 Сәуір, 2019

Күрес: Еуропа чемпионаты өтіп жатыр

940 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Румынияның астанасы – Бухаресте күрес түрлерінен Еуропа чемпионаты өтуде. Кеше жарыс жолына алғашқы болып шыққан еркін күрес шеберлері бес салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды.

Күрес: Еуропа чемпионаты өтіп жатыр

Алғашқы күннің нәтижесі бойынша Түркия мен Әзірбайжанның тарландары табысты өнер көрсетуде. Анадолы елінің үш балуаны финалға шығып, екеуі алтын тұғырдан қол бұлғады. Олар – Сулейман Атли (57 кило) мен Мұстафа Кайя (70 кило). Қап тауы қырандары қатарындағы Гаджи Алиев (57 кило) пен Джабраил Гасанов (79 кило) қарсылас шақ келтірмеді. Тағы бір бас жүлдені ресейлік Абдулрашид Садулаев (97 кило) жеңіп алды.  

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

57 кило: 1. Сулейман Атли (Түркия). 2. Мүслім Садулаев (Ресей). 3. Махир Амирасланов (Әзірбайжан) пен Владимир Егоров (Македония). 

65 кило: 1. Гаджи Алиев (Әзірбайжан). 2. Селахатин Килищалаян (Туркия). 3. Начын Куулар (Ресей) мен Васил Шуптар (Украина). 

70 кило: 1. Мұстафа Кайя (Түркия). 2. Агагусейн Мустафаев (Әзірбайжан). 3. Магомедрасул Газимагомедов (Ресей) мен Магомедмұрад Гаджиев (Польша). 

79 кило: 1. Джабраил Гасанов (Әзірбайжан). 2. Ахмед Гаджимагомедов (Ресей). 3. Ника Кенчадзе (Грузия) мен Мұхаммет Котаноғлы (Түркия). 

97 кило: 1. Абдулрашид Садулаев (Ресей). 2. Александр Гуштын (Беларусь). 3. Элизбар Одикадзе (Грузия) мен Нұрмагомед Гаджиев (Әзірбайжан).

Бүгін еркін күрестен қалған салмақ дәрежелерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады. Солармен бір мезетте әйелдер күресі өкілдері өз жарысын бастайды. Ертең боз кілемге грек-рим күресі шеберлері шығады.